Близость слов: Окончание:





Мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерді сынақтардан және байқаулардан өткізу әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 3-3/539 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 қарашада № 9901 тіркелді
Қазақстан Республикасы «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 13-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.Қоса беріліп отырған мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерді сынақтардан және байқаулардан өткiзу әдістемесі бекітілсін.
2.Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысына (А.Қ. Евниев) жүктелсін.
4.Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2014 жылғы 21 қазандағы
№ 3-3/539 бұйрығымен
бекітілген
Мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерді сынақтардан және байқаулардан өткiзу әдістемесі
1. Осы Мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерді сынақтардан және байқаулардан өткiзу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңының 10 бабының 2 тармағына және «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 13-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерді сынақтардан және байқаулардан өткізуді айқындайды.
2.Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1)патентке қабілеттілігі - жануарлардың шығарылған тұқымдарының, ішкі тұқымдық (аймақтық) және зауыттық үлгілерінің, зауыттық желілерінің, тұқым топтарының, құстар кростарының жаңалық, ерекшелік, біртектілік және тұрақтылық өлшемдеріне сәйкестігі;
2) сынықтан өткізу - болжанып отырған селекциялық жетістіктің негізгі селекциялық белгілер мен ең аз құрылымдық бірліктерге сәйкестігіне бағалау; 
3) байқаудан өткізу - болжанып отырған жаңа селекциялық жетістікті патент қабілеттілігіне сәйкестігін тексеру. 
3.Тұқымды сынақтан және байқаудан өткізу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Тұқымдарды сынақтардан және байқаулардан өткiзу жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясымен (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 13-бабының 22) тармақшасына сәйкес жүргізіледі.
4.Мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерді сынақтардан және байқаулардан өткізу бойынша жұмыстың қорытындылары Комиссия төрағасы бекітетін қорытынды ретінде рәсімделеді.
5.Мал шаруашылығындағы селекция жетістіктерін байқаудан өткізу бойынша қорытындысы үш данада ұсынылады.
2. Ауыл шаруашылығы малдары мен мамық жүнді аңдарға сынақ жүргізу
6. Ірі қара малды (Bos primigenius Воjanus) сынақтан өткізген кезде бағаланатын тұқым белгілерінің айқындық дәрежесінің патентке қабілеттігін бағалау үшін кемінде 6 айлық 50 қашар және 50 еркек тана, 50 құнажын (5-6 ай буаздылықтағы) және 24 айлық 20 бұқа іріктеледі. Жануарлардың ұрпақ сапасы бойынша көбінесе бағалаудан өтпеген жас өндіруші бұқалардан кездейсоқ таңдау әдісімен іріктеу өткізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi