Близость слов: Окончание:





Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу, әкету, транзиттеу қағидаларын бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 1315 қаулысы
Редакция 05.07.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының ішкi iстер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу, әкету, транзиттеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
2014 жылғы 12 желтоқсандағы
 № 1315 қаулысымен
 бекітілген
Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу, әкету,
транзиттеу қағидалары
1. Осы Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу, әкету, транзиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі, «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне (бұдан әрі – тізім) енгізілген есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.06.2019 жылғы № 402 Қаулысына сәйкес (12.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу,
әкету, тәртібі
2. Тізімге енгізілген есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелуді (әкетуді) (бұдан әрі – бақыланатын заттарды әкелу (әкету) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметтің осы түріне лицензиясы бар заңды тұлғалар жүзеге асырады.
3. Бақыланатын заттарды әкелуді (әкетуді) жүзеге асыру үшін заңды тұлғалар есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қатаң есептілік бланкісінде ресімделген бақыланатын заттарды әкелуге (әкетуге) рұқсатын (бұдан әрі – рұқсат) алуы қажет.
4. Заңды тұлғалар (бұдан әрі – өтініш беруші) рұқсат алу үшін уәкілетті органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
5. Өтініш берушінің мөрімен расталған мынадай құжаттардың:
1) егер тиісті мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, импорттаушы мемлекеттің құзыретті органының оның аумағына бақыланатын заттардың нақты партиясын әкелуге рұқсатының не көрсетілген рұқсаттың талап етілмейтіні туралы осы органның ресми хабарламасының;
2) қосымша келісімдер мен қосымшаларды қоса бере отырып, бақыланатын заттарға қатысты сыртқы сауда-саттық шартының;
3) комиссия шартының (делдал өтініш беруші болып табылса);
4) қосымша келісімдер мен қосымшаларды қоса бере отырып, бақыланатын заттарға қатысты шарттың;
Полная версия
ИС BestProfi