«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 28.03.2016
"Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 463 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 303 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 30 желтоқсанда № 10049 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 28 наурыздан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 жылғы № 52 Бұйрығына сәйкес
1. «Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 463 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 8527 тіркелді, 2013 жылғы 23 қазандағы № 299 (27573) «Казахстанская правда» және 2013 жылғы 23 қазандағы № 237 (28176) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.Қ. Жұмағалиевке жүктелсін.»;
«5. Орталықтардың құрылымын және штаттық санын Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – «ХҚКО» РМК) бас директоры бекітеді.»;
« «ХҚКО» РМК, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік), мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын уәкілетті органдардың пошталық мекенжайлары, телефондар, электрондық пошталары және мекенжайлары, ресми сайттары;»;
«Орталықтардың қызмет көрсету залдарында Министрліктің және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сенім телефондары бар баннерлер орнатылады.».
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С.Сарсенов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.Қ. Жұмағалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысы Ж. Қасымбек
Полная версия

