Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 04.05.2016
Бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттесталатын ұйымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1449 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 4 мамырдан бастап ҚР Үкіметінің 15.04.2016 жылғы № 224 Қаулысына сәйкес
«Бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталатын ұйымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.12.2015 жылғы № 19-2/1053 Бұйрығын қараңыз
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 36-бабының 19-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталатын ұйымдарға қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
 2014 жылғы 31 желтоқсандағы
 № 1449 қаулысымен бекітілген
Бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталатын ұйымдарға қойылатын талаптар
1. Пайдалануға берілген кемінде I класты екі бөгет, (немесе) II класты бес бөгет, (немесе) III класты он бөгет құрылысының жобаларын әзірлеу, сондай-ақ, гидротехникалық құрылыстарды жобалау, салу, жөндеу және реконструкциялау, пайдалану жұмыстарында тәжірибенің болуы.
2. Штатта техникалық ғылымдар (гидротехникалық құрылыстарды салу және пайдалану, гидрогеология, геодезия, геология, гидрология, гидромелиорация), ауылшаруашылық ғылымдары (су ресурстары және суды пайдалану), жаратылыстану ғылымдары (гидрология) саласында жоғарғы кәсіби білімі бар, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстарды салу, жөндеу және реконструкциялау, пайдалану саласындағы аттестаттары, сертификаттары, 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар салааралық мамандардың болуы.
3. Бөгеттерді жобалау, салу және пайдалану саласындағы нормативтік- техникалық құжаттаманың (ҚР ҚНжЕ 3.04-01-2008 «Гидротехникалық құрылыстар. Жобалаудың негізгі ережелері», ҚР ҚНжЕ 3.04-02-2008 «Топырақты материалдардан тұратын бөгеттер», ҚР ҚНжЕ 3.04-03-2008 «Бетонды және темірбетонды бөгеттер»), сондай-ақ бөгеттердің қауіпсіздігі саласында сараптама өткізуді регламенттейтін басқа да құжаттардың болуы.
Полная версия
ИС BestProfi