Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 06.02.2018
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 69 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 4 желтоқсанда № 9926 тіркелді
Осы Бұйрықтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2015 жылғы № 637 Бұйрығына сәйкес
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 6 ақпаннан бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.12.2017 жылғы № 430 Бұйрығына сәйкес
«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Адами ресурстармен жұмыс департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы Д.В. Вагаповқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 5 қарашадағы
№ 69 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің регламенті
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің осы регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінiң, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, Министрлік туралы ережеге және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзіне жүктелген функцияларды орындау процесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) қызметінің жалпы қағидаларын белгілейді.
2. Осы Регламентте белгіленген құжаттармен жұмыс істеуге қойылатын талаптар, мерзімдер Министрлік, оның ведомстволары мен олардың аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының барлық қызметкерлеріне қолданылады.
3. Құпия емес іс қағаздарын ұйымдастыру мен жүргізу, хат-хабарларды қабылдау, өңдеу және тарату, оның ішінде электрондық құжат айналымын жүргізу Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы, «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы заңдарының, «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1570 қаулысының талаптарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес осы регламентпен айқындалады.
Құпия іс қағаздарын ұйымдастыру және жүргізу «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
4. Министрліктің аппаратында жұмыс уақытының ұзақтығы сегіз сағат болған кезде, жұмыстың басталуы 9 сағат 00 минут, жұмыстың аяқталуы 18 сағат 30 минут деп белгіленген. Түскі үзіліс сағат 13-00-ден сағат 14-30-ға дейін.
5. Министрлікте жұмысты жоспарлау Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына, Министрліктің бесжылдық кезеңге арналған стратегиялық жоспарына (бұдан әрі – Стратегиялық жоспар), Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Ұлттық экономика министрі арасындағы меморандумға (бұдан әрі - Меморандум), Министрліктің операциялық жоспарына (бұдан әрі - Операциялық жоспар), Министрлік туралы ережеге, жоғары тұрған органдардың тапсырмаларына негізделеді.
6. Стратегиялық жоспарда көзделген нысаналы индикаторларға және міндеттердің тікелей нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде ведомстволардың бірінші кезектегі міндеті болып табылады.
Полная версия
ИС BestProfi