Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2020
Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеуге, монтаждауға, оған қызмет көрсетуге рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 144 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 желтоқсанда № 10065 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 02.06.2020 жылғы № 130 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 17.06.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 11.09.2015 жылғы № 565 Бұйрығына сәйкес (28.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1. Қоса беріліп отырған озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеуге, монтаждауға, оған қызмет көрсетуге рұқсаттар беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
_______________ М.Құсайынов
2014 жылғы 8 желтоқсан

 «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушы
_______________ Е.Сағадиев
2014 жылғы 28 қараша
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігінің
2014 жылғы 25 қарашадағы
 № 144 бұйрығымен
 бекітілген
Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеуге, монтаждауға, оған қызмет көрсетуге рұқсаттар беру қағидалары
1. Осы Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеуге, монтаждауға, оған қызмет көрсетуге рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабы 30) тармақшасына сәйкес әзірленді және озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру тәртібін айқындайды.
2. Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) алу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) мына құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беруге арналған өтінім;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтінім берушінің штатында тиісті жоғары білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі немесе тиісті арнайы орта білімі және мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар, кемінде екі инженерлік-техникалық қызметкер – жауапты орындаушылардың бар екендігін растайтын құжаттарымен бірге мәліметтер нысанын;
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама немесе заңды тұлға құрмай жұмыс істейтін дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
Полная версия
ИС BestProfi