Близость слов: Окончание:





Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 қаңтарда № 10087 тіркелді
Редакция 05.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.05.2018 жылғы № 185 Бұйрығына сәйкес (21.10.2016 ж. редацияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.07.2020 жылғы № 242 Бұйрығына сәйкес (16.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.03.2021 жылғы № 91 Бұйрығына сәйкес (03.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.11.2021 жылғы № 339 Бұйрығына сәйкес (25.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министірлігі Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Г.С. Исаеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2014 жылғы 26 қарашадағы
№ 3-2/615 бұйрығымен
бекітілген
Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.10.2016 жылғы № 446 Бұйрығымен (26.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.11.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.05.2018 жылғы № 185 Бұйрығына сәйкес (21.10.2016 ж. редацияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 19.10.2018 жылғы № 428 Бұйрығына сәйкес (04.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.08.2019 жылғы № 299 Бұйрығымен (19.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.07.2020 жылғы № 242 Бұйрығына сәйкес (16.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңделген өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау (бұдан әрі – субсидиялар) тәртібін, сондай-ақ «Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.11.2021 жылғы № 339 Бұйрығына сәйкес (25.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының ауыл шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері;
1-1) «е-Қаржымині» интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «е-Қаржымині» ИААЖ) – субсидиялар төлеу үшін көрсетілетін қызметті алушының базалық өлшемшарттарға сәйкестігіне автоматты түрде тексеру жүргізілетін ақпараттық жүйе;
2-тармақ 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 20.06.2024 жылғы № 209 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 05.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) кепілдендірілген сатып алу бағасы – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден, ауыл шаруашылығы кооперативтері мен дайындаушы ұйымдардан ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу жүзеге асырылатын, өзіндік құны мен рентабельділігі ескеріле отырып белгіленетін баға;
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз);
3-тармақша алынып тасталды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 жылғы № 438 Бұйрығымен (22.11.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз);
4-тармақша алынып тасталды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 жылғы № 438 Бұйрығымен (22.11.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) нақты сатып алу бағасы – өңдеуші кәсіпорындар ауыл шаруашылығы өнімі үшін бір өтінім шеңберінде шот-фактураларға сәйкес нақты төлеген орташа баға;
6) өтінім – өңдеуші кәсіпорындардың тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға субсидиялар алуға арналған электрондық өтінім;
Полная версия
ИС BestProfi