Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.11.2020
Бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлiк ұйымдар мен кәсiби бухгалтерлерге арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 477 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 3 желтоқсанда № 9920 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2015 жылғы № 709 Бұйрығына сәйкес (05.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.02.2016 жылдан бастап)
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 15 қарашадан бастап ҚР Қаржы министрінің 24.09.2020 жылғы № 915 Бұйрығына сәйкес
Редакция 10.11.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 3-2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлiк ұйымдар мен кәсiби бухгалтерлерге арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2015 жылғы № 709 Бұйрығына сәйкес (05.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.02.2016 жылдан бастап)
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (Б.Ш. Тәжіяқов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2014 жылғы 15 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
2014 жылғы 5 қарашадағы
 № 477 бұйрығымен
 бекітілген
Бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлiк ұйымдар мен кәсiби бухгалтерлерге арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар
Талаптардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2015 жылғы № 709 Бұйрығына сәйкес (05.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.02.2016 жылдан бастап)
1 – тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 жылғы № 658 Бұйрығына сәйкес (28.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.12.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы Бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлiк ұйымдар мен кәсiби бухгалтерлерге арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - АҚ/ТҚҚ туралы Заң) және Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (бұдан әрі - ФАТФ) халықаралық үлгілеріне сәйкес әзірленді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2015 жылғы № 709 Бұйрығына сәйкес (05.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.02.2016 жылдан бастап)
2. Осы Талаптарда Қаржы мониторингінің субъектілеріне бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлiк ұйымдар мен кәсiби бухгалтерлер (бұдан әрі – Субъектілер) жатады.
3. Егер Талаптарда өзгеше көзделмесе, онда Талаптарда қолданылған ұғымдар АЖ/ТҚҚ туралы Заңда және «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген мағынада пайдаланылады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2015 жылғы № 709 Бұйрығына сәйкес (05.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.02.2016 жылдан бастап)
4. Талаптар мақсатында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша алынып тасталды ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 жылғы № 658 Бұйрығымен (28.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.12.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2) клиент – Субъектілердің қызметін пайдаланатын жеке және заңды тұлға;
3) қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыру (жылыстату) және терроризмдi қаржыландыру тәуекелдері – Субъектілерді қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыру (жылыстату) және терроризмдi қаржыландыру процестеріне немесе өзге қылмыстық істерге қасақана немесе байқамай тарту мүмкіндігі;
Полная версия
ИС BestProfi