Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 17.05.2025
Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 желтоқсанда № 10007 тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 17 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 29.04.2025 жылғы № 209 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 28.04.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 67-бабының 13-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 05.03.2022 жылғы № 249 Бұйрығына сәйкес (25.03.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті (Т. М. Савельева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнiң
2014 жылғы 24 қарашадағы
№ 511 бұйрығына
қосымша
Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 06.04.2015 жылғы № 258 Бұйрығымен (24.11.2014 ж. редакцияны қараңыз)(мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 07.04.2015 жылы тіркелді
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 04.08.2015 жылғы № 430 Бұйрығымен (06.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)(мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 18.08.2015 жылы тіркелді
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 01.09.2015 жылғы № 460 Бұйрығымен (04.08.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы мнистрiнiң 17.11.2015 жылғы № 565 Бұйрығымен (01.09.2015 ж. редакцияны қараңыз)(мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 10.12.2015 жылы тіркелді
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 08.12.2015 жылғы № 628 Бұйрығымен (17.11.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 29.03.2016 жылғы № 145 Бұйрығымен (08.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 27.04.2016 жылы тіркелді
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 20.05.2016 жылғы № 243 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 01.01.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 25.04.2017 жылғы № 274 Бұйрығымен (20.05.2016 ж. редакцияны қараңыз)(мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 25.05.2017 жылы № 15151 тіркелді
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 14.08.2017 жылғы № 496 Бұйрығымен (25.04.2017 ж. редакцияны қараңыз)(мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 12.09.2017 жылы тіркелді
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 22.09.2017 жылғы № 567 Бұйрығымен (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 10.10.2017 жылы тіркелді
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 08.02.2018 жылғы № 150 Бұйрығымен (22.09.2017 ж. редакцияны қараңыз)(мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 13.02.2018 жылғы № 462 Бұйрығымен (08.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)(мемлекеттік тiркелген күнінен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 27.04.2018 жылы № 16832 тіркелді
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 21.09.2018 жылғы № 839 Бұйрығымен (13.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)(мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 02.10.2018 жылы тіркелді
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 20.05.2019 жылғы № 260 Бұйрығымен (21.09.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 13.03.2020 жылғы № 260 Бұйрығымен (20.05.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 25.05.2020 жылғы № 517 Бұйрығымен (13.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 25.01.2021 жылғы № 46 Бұйрығымен (25.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 25.03.2021 жылғы № 244 Бұйрығына сәйкес (25.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 67-бабына сәйкес әзірленді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 05.03.2022 жылғы № 249 Бұйрығына сәйкес (25.03.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің кезекті жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Бюджеттiк өтiнiмдi жасаудың негiзгi мақсаты бюджеттiк бағдарламаларды орындаудың қажеттi ресурстары мен нәтижелерi туралы сандық және қаржылық ақпарат негiзiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеген кезде шығыстар көлемiн негiздеу болып табылады.
3. Бюджеттiк өтiнiм базалық шығыстар мен жаңа бастамалар шығыстарына бөлiнетiн шығыстар көлемiн негiздеу үшiн кезектi жоспарлы кезеңге бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi жасайтын құжаттардың жиынтығы болып табылады.
4. Бюджет кодексінің 67-бабына сәйкес тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделі шығыстар, сондай-ақ басталған (жалғасатын) бюджеттік инвестицияларға және қабылданған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындауға арналған шығыстар базалық шығыстар болып табылады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 05.03.2022 жылғы № 249 Бұйрығына сәйкес (25.03.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді орындауға және мемлекеттік қызметтер көрсетуге, трансферттердің төлемдеріне және мемлекеттің басқа да міндеттемелеріне байланысты шығыстар тұрақты сипаттағы шығыстар болып табылады.
Полная версия
ИС BestProfi