Близость слов: Окончание:





Еуразия даму банкінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 27 қаулысы
Редакция 22.02.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
2006 жылғы 12 қаңтардағы Еуразия даму банкін құру туралы келісіммен бекітілген Еуразия даму банкі жарғысының 13 және 14-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.10.2016 жылғы № 620 Қаулысымен (02.02.2015 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.11.2018 жылғы № 760 Қаулысымен (14.11.2017 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 05.04.2019 жылғы № 164 Қаулысына сәйкес (16.11.2018 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.06.2020 жылғы № 407 Қаулысымен (05.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.01.2022 жылғы № 34 Қаулысына сәйкес (26.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.04.2022 жылғы № 251 Қаулысымен (28.01.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.02.2024 жылғы № 115 Қаулысына сәйкес (27.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Абайұлы  Бектенов Еуразия даму банкінің кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілі;
2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Төкешұлы Такиев Еуразия даму банкінің кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілінің орынбасары болып тағайындалсын.
2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 14.11.2017 жылғы № 744 Қаулысына сәйкес (25.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2015 жылғы 2 ақпандағы
 № 27 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Еуразия даму банкінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі № 272 қаулысы.
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 мамырдағы № 432 қаулысы.
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі № 272 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 1 ақпандағы № 85 қаулысы.
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі № 272 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 маусымдағы № 1001 қаулысы.
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдерін тағайындау туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 және «Еуразия даму банкінің кейбір мәселелері туралы» 2006 жылғы 12 сәуірдегі № 272 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 1384 қаулысының 1-тармағының 2-тармақшасы.
Полная версия
ИС BestProfi