Ормандарды молықтыру мен орман өсіру және олардың сапасына бақылау жасау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 18-02/681 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 қаңтарда № 10119 тіркелді
Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 73-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» 2019 жылғы 5 шілдедегі №479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 206) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 01.11.2025 жылғы № 262 Бұйрығына сәйкес (18.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Ормандарды молықтыру мен орман өсiру және олардың сапасына бақылау жасау қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.10.2015 жылғы № 18-03/947 Бұйрығына сәйкес (22.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.10.2015 жылғы № 18-03/947 Бұйрығына сәйкес (22.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1. Осы Ормандарды молықтыру мен орман өсiру және олардың сапасына бақылау жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Орман кодексі (бұдан әрі – Орман кодексі) 73-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 206) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды молықтыру мен орман өсiру және олардың сапасына бақылау жасау тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 01.11.2025 жылғы № 262 Бұйрығына сәйкес (18.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) агротехникалық күтім жасау – орман ағаштарына күтім жасау шаралары, бұл оларда шөп және керексіз ағаш пен бұта өсімдіктерінің өсуіне жол бермеуді және топырақта ылғалдың жиналуын қамтамасыз етуді қамтиды;
3) бастапқы орман ағаштары – кескен кезде қажетті тұқымдылардың сенімді түрде жаңаруын қамтамасыз ету мақсатында кесерден бірнеше жыл бұрын өсіп тұрған орман қолтығында өсірілген ағаштар;
7) ормандарды молықтыру және орман өсіру қоры (бұдан әрі – ОМОҚ) – орман ағаштарын алуға, орманның табиғи өсуіне және орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу шараларын жүргізуге арналған мемлекеттік орман қорының жерлері. ОМОҚ орман ағаштары қорына, құндылығы шамалы және жіңішке екпелерді қайта жаңарту қоры мен орманды өсіру қорына бөлінеді;
8) орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу – шаруашылық жағынан құнды тұқымдылардан орманның жаңа ұрпағының тез арада пайда болуы және сақталуы үшін қолайлы жағдайлар жасау;