Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнің 166-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 03.11.2025
Байланысты емес гранттарды тарту, пайдалану, пайдаланылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 196 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 қаңтарда № 10170 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2025 жылғы 3 қарашадан бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 17.10.2025 жылғы № 109 Бұйрығына сәйкес
Редакция 15.09.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса берiліп отырған Байланысты емес гранттарды тарту, пайдалану, пайдаланылуын мониторингiлеу және бағалау қағидалары бекiтiлсiн.
2. Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оны мерзімдік басылымдар мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Е. Досаев
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 196 бұйрығымен бекітілген
Байланысты емес гранттарды тарту, пайдалану, пайдаланылуын мониторингілеу және бағалау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Байланысты емес гранттарды тарту, пайдалану, мониторингiлеуін және пайдаланылуын бағалау қағидалары Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ұйымдарына берілетін байланысты емес гранттарды тартуды, пайдалануды, пайдаланылуын мониторингілеу және бағалау тәртiбiн айқындайды.
Қағидалар ізгiлiк, қайырымдылық, әскери, азық-түлiктiк көмектi тарту және бөлу рәсiмдерiне қолданылмайды.
2. Осы қағидалардың мақсаттары:
1) ашық және тиiмдi байланысты емес гранттарды тарту және пайдалану процесiн қамтамасыз ету;
2) байланысты емес гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелерi туралы есептер мен ақпараттарды ұсыну процесін реттеу;
3) байланысты емес гранттарды пайдаланылуын мониторингiлеу мен бағалау процесін реттеу және жүйелендiру болып табылады.
Полная версия

