«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 08.03.2020
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 3 желтоқсандағы № 126 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 қаңтарда № 10124 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 жылғы № 757 Бұйрығына сәйкес (15.09.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап) Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 8 наурыздан бастап ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 19.02.2020 жылғы № 68/НҚ Бұйрығына сәйкес
1. Қоса берілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 жылғы № 757 Бұйрығына сәйкес (15.09.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
2. Мыналардың:
1) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8622 тіркелген, 2013 жылғы 19 желтоқсандағы № 339 (27613) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
2) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 12 мамырдағы № 133 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9432 тіркелген, 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 187 (27808) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті (А.С. Биахметов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі М.Е. Әбілқасымоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Е. Досаев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі _____________ Ә. Исекешев 2014 жылғы 12 желтоқсан
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 3 желтоқсандағы № 126 бұйрығымен бекітілді
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағидалар
Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 жылғы № 757 Бұйрығына сәйкес (15.09.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 жылғы № 757 Бұйрығына сәйкес (15.09.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді стандарттау мен регламенттеудің мақсаттары:
Полная версия