Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бухгалтерлік есеп жүргізу, аудиторлық есепті жасау және ұсыну мерзімі, қаржылық есептілікті жариялау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 255 қаулысы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 ақпанда № 10208 тіркелді
Редакция 17.05.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Бухгалтерлік есеп жүргізу, аудиторлық есепті жасау және ұсыну мерзімі, қаржылық есептілікті жариялау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 255 қаулысымен бекітілген
Бухгалтерлік есеп жүргізу, аудиторлық есепті жасау және ұсыну мерзімі, қаржылық есептілікті жариялау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 тіркелген, 2008 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағында № 12 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында:
3020-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:
 

«3020

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясынсыз банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қысқа мерзімді заемдар»;

4020-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:
 

«4020

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясынсыз банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған ұзақ мерзімді заемдар»;

3020-шоттың аты мен сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3020 «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясынсыз банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қысқа мерзімді заемдар» (пассив).
Мақсаты: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясынсыз банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған өтеу мерзімі бір жылға дейінгі заемдардың сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясынсыз банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан алынған қысқа мерзімді заемдар сомасы жазылады.
Шоттың дебеті бойынша ұйым алынған қысқа мерзімді заемдарды өтеген кезде олардың сомаларын есептен шығару жүргізіледі.»;
4020-шоттың аты мен сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4020 «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясынсыз банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған ұзақ мерзімді заемдар» (пассив).
Мақсаты: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясынсыз банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған өтеу мерзімі бір жылдан көп заемдардың сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясынсыз банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан алынған ұзақ мерзімді заемдардың сомасы жазылады.
Шоттың дебеті бойынша ұйым алынған ұзақ мерзімді заемдарды өтеген кезде олардың сомаларын есептен шығару жүргізіледі.».
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 13.09.2019 жылғы ​№ 156 Қаулысына сәйкес (24.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.04.2026 жылғы № 89 Қаулысына сәйкес (13.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.05.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi