Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 21.07.2015
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
 Еңбек және халықты әлеуметтік
 қорғау министрінің
 2014 жылғы 1 сәуірдегі
 № 139-ө бұйрығына
 11-қосымша
«Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті
Регламент күшін жойды 2015 жылғы 21 шілдеден бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 28.05.2015 жылғы № 407 Бұйрығына сәйкес
Редакция 11.12.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті (бұдан әрі – регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысымен бекiтiлген «Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді және жерлеуге арналған біржолғы төлемді (бұдан әрі – төлемдер) тағайындау рәсімін анықтайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2-тармақ өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 11.12.2014 жылғы № 313 Бұйрығымен (01.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (жарияланбаған)
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) арқылы жүзеге асырылады.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау туралы хабарлама. 
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін Стандартың 9-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарға қоса берілген көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіздеме болып табылады.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің бір жұмыс күні ішіндегі мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-қимылы:
1) төлемді тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы: 
уәкілетті ұйымның филиалынан келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеулердің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
электрондық іс макеті қолданыстағы заңнама нормаларына толық сәйкес келген жағдайда, төлемді тағайындау туралы шешімнің электрондық жобасын ЭЦҚ арқылы куәландырады;
төлемді тағайындау туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығына (басшысына) жібереді.
Көрсетілген қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманының ЭЦҚ-сымен куәландырылған төлемді тағайындау туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті мемлекеттік қызмет көрсетудің осы кезеңіндегі рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі болып табылады;
2) төлемді тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығы (басшысы):
Полная версия
ИС BestProfi