Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 862 бұйрығына 2-қосымша
Редакция 08.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер.
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды  ҚР Ішкі істер министрінің 20.04.2018 жылғы № 310 Бұйрығына сәйкес (26.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау жөніндегі оқу ұйымдарында (бұдан әрі - оқу ұйымдары) механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді (бұдан әрі - жүргізушілер) даярлау тәртібін айқындайды.
1-1. Тармақ алып тасталды (ескертуді қараңыз)
Қағидалар 1-1-тармақпен толықтырылды ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 26.09.2017 жылғы № 646 Бұйрығына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
1-1-тармақ өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 30.04.2021 жылғы № 253 Бұйрығымен (07.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1-тармақ алынып тасталды ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 20.07.2023 жылғы № 591 Бұйрығына сәйкес (30.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 08.08.2023 жылдан бастап)
2. Жүргізушілерді даярлау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «А», «В», «С», «D», «ВЕ», «СЕ», «DЕ», «Tm», «Tb» санаттарындағы және «A1», «В1», «С1», «D1», «С1Е», «D1Е» кіші санаттарындағы механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлаудың үлгі бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды  ҚР Ішкі істер министрінің 20.04.2018 жылғы № 310 Бұйрығына сәйкес (26.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-тармақ өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 20.07.2023 жылғы № 591 Бұйрығымен (30.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 08.08.2023 жылдан бастап)
«А», «В» санаттарындағы және «A1», «В1» кіші санаттарындағы механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлаудың үлгі бағдарламаларына сәйкес жүргізушілерді даярлауға рұқсат етіледі.
3. «А», «В», «С», «D», «ВЕ», «СЕ», «DЕ», «Tm», «Tb» санаттарындағы және «A1», «В1», «С1», «D1», «С1Е», «D1Е» кіші санаттарындағы механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау медициналық куәландырудан өткен және медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ адамдардың қатарынан жүзеге асырылады.
4. Жүргізушілерді даярлау топтарына қабылданған, оқу ұйымдарындағы білім алушыларды есепке алу жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің автоматтандырылған кешенімен біріктіру мүмкіндігімен, автоматтандырылған ақпараттық жүйені пайдаланып жүргізіледі.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 26.09.2017 жылғы № 646 Бұйрығына сәйкес (02.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
5. Жүргізушілерді даярлау жөніндегі оқу топтары саны кем дегенде отыз адамнан жасақталады.
5-1. Оқыту ұйымдарын есепке алуды және оқу топтарын тіркеуді жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «Автомектеп» АЖ) арқылы жүзеге асырылады.
1-тарау 5-1-тармақпен толықтырылды ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 20.07.2023 жылғы № 591 Бұйрығына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 08.08.2023 жылдан бастап)
Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органға оқыту ұйымынан келіп түскен жұмысының басталғаны туралы хабарлама «Автомектеп» АЖ-да оқуды ұйымдастыруды тіркеу және есепке алу үшін негіздеме болып табылады.
Оқыту ұйымын «Автомектеп» АЖ-да тіркеу тиісті хабарлама келіп түскен күні жүзеге асырылады (хабарлама жұмыс уақытының 18.00 сағаттанкейін, демалыс және мереке күндері келіп түскен кезде «Автомектеп» АЖ-да оқу ұйымын тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Оқыту ұйымы «Автомектеп» АЖ-да тіркелгеннен кейін жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде оқыту ұйымдарына оқу топтарын тіркеу үшін «Автомектеп» АЖ-ғаавторизацияланған рұқсатты ұсынады.
«Автомектеп» АЖ-да оқу топтарын тіркеу оқыту ұйымының бұйрығы негізінде тиісті бұйрық шығарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
«Автомектеп» АЖ форматты-логикалық бақылауды көздейді, ол:
1) саны отыз адамнан асатын оқу топтарын тіркеуге;
2) бұрын тіркелген оқу топтарында білім алушыларды қосуға;
3) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлаудың үлгілік бағдарламаларына сәйкес білім алушы толық оқу курсынан өтпеген жағдайда, сондай-ақ оқыту ұйымында қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша теріс баға алған кезде оқу курстарын аяқтағаны туралы куәлік алуға жол бермейді.
Полная версия
ИС BestProfi