Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.04.2018
Кепілдің және басқа да қамтамасыз етудің құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 256 қаулысы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 ақпанда № 10350 тіркелді
Осы Қаулы 2018 жылғы 13 сәуірден бастап күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2015 жылғы № 25 Қаулысына сәйкес
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Кепілдің және басқа да қамтамасыз етудің құнын айқындау қағидалары бекітілсін.
2. 2013 жыл үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизияларды (резервтерді) қалыптастыру кезінде есептеу мақсатында бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:
1) провизиялар (резервтер) сомасын есептеу кезінде объектілер құнын айқындауды реттейтін, 2012 жылғы 31 желтоқсанда қолданыста болған және қаржы ұйымының ішкі құжаттарында көрсетілген тәртіпке сәйкес айқындалған;
2) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес 2013 жылғы 31 желтоқсанға жасалған жеке жылдық аудиттелген қаржылық есептілікте көрсетілген объектінің құны қолданылатыны белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Кепілдің және басқа қамтамасыз етудің құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 25 ақпандағы № 64 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8682 тіркелген, 2013 жылғы 17 қазанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 233 (28172) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының:
1) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Кепілдің және басқа қамтамасыз етудің құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 25 ақпандағы № 64 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 288;
2) «Кепілдің және басқа да қамтамасыз етудің құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 16 шілдедегі № 138 қаулыларының күші жойылсын.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және осы қаулының 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылатын 2-тармағын қоспағанда, 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
2015 жылғы 29 қаңтар
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 256 қаулысымен
бекітілген
Кепілдің және басқа да қамтамасыз етудің құнын айқындау қағидалары
1. Осы Кепілдің және басқа да қамтамасыз етудің құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленді және банктер (акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банкті қоспағанда) мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) қалыптастырған кезде есепке қабылданатын кепіл және басқа да қамтамасыз ету болып табылатын объектінің құнын айқындау тәртібін белгілейді.
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) Әдістеме – қаржы ұйымының атқарушы органы бекіткен Объект құнын айқындау әдістемесі;
2) басқа қамтамасыз ету – түрлері Әдістемеде көзделген кепілдеме, кепілдік, кепілақы, кепілді жарна және басқа да қамтамасыз ету;
3) жеке активтер – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 25 ақпандағы № 65 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8670 тіркелген) бекітілген Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларына сәйкес провизиялар (резервтер) әрбір осындай актив бойынша жеке есептелетін активтер;
Полная версия
ИС BestProfi