«Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кемелерді лоцмандық алып өтуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 69 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 наурызда № 10417 тіркелді
Редакция 23.12.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛДІ»: Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі ________________ И. Тасмағамбетов 2015 жылғы «___» ___________
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 69 бұйрығымен бекітілді
Кемелердi лоцмандық алып өтудi жүзеге асыру қағидалары
1. Кемелердi лоцмандық алып өтудi жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Ішкі су көлiгі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-10) тармақшасына сәйкес әзiрлендi.
2. Осы Қағидалар iшкi су жолдары бойынша кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және кемелер ұшырайтын көлiк оқиғаларын болдырмау мақсатында кемелердi лоцмандық алып өтудi жүзеге асыру тәртiбiн регламенттейдi.
3. Лоцмандар арасында орындалатын жұмыстың аражiгiн ажыратуды лоцмандардың даярлық дәрежесiне, алып өтетiн кемелердiң түрi мен мөлшерiне және лоцмандық алып өту ауданының жағдайын көрсететiн басқа да факторларға байланысты лоцмандық қызмет белгiлейдi.
4. Лоцмандар лоцмандық алып өтудi көздейтiн кеме қатынасы су жолдары учаскелерiнiң жай-күйiн бақылайды және осы учаскелердiң тереңдiгiн өлшеудi жүргiзедi.
5. Лоцмандар апатты жағдайлар бойынша оларды қауiпсiз алып өту қамтамасыз етілмейтiн жағдайлардан басқа, тәулiктiң кез келген уақытында кеменi алып өтедi.
6. Кемелердi алып өту кезiнде лоцмандар навигациялық қоршаулардың жай-күйi мен дұрыстығын бақылайды және барлық ақаулар мен кемшiлiктер туралы Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің (бұдан әрi - Комитет) аумақтық органына дереу хабарлайды. Олар алып өтетiн кемелердегi немесе жолда кездесетiн басқа кемелердегі барлық авариялық жағдайлар туралы да хабарлайды.
7. Лоцмандар алып өтетін кемелердiң кеменің жүзу мен iшкi су жолдарының кемелерден аққан сарқынды және құрамында мұнайы бар сулармен ластануын алдын алу қағидаларын сақтауын бақылайды.
8. Лоцмандар алып өтетiн кемелердiң капитандарына кемелердiң жүзу қағидаларын және iшкi су көлiгi саласында қолданылып жүрген өзге де қағидаларды сақтаудың анықталған бұзушылықтары туралы хабардар етедi және анықталған бұзушылықтарды жоюды ұсынады, ал капитан көрсетiлген бұзушылықтарды жоймаған жағдайда, бұл туралы дереу Комитетке хабарлайды.
9. Лоцмандық алып өту ауданында кемеде авария немесе адамдармен жазатайым оқиға болған жағдайда, лоцмандар көмек көрсету жөнiндегi барлық мүмкiн болатын шараларды қабылдайды.
10. Лоцмандық алып өтудi жүргiзу болған жағдайда, кемe капитаны лоцмандық қызметке лоцманға арналған өтінімдi еркін түрде бередi, лоцман кемеге өтінiмде көрсетiлген уақытта келедi. Лоцманның көрсетiлген мерзiмде келуi мүмкін болмаған жағдайда, лоцмандық қызмет кеме капитанына лоцманның келу уақыты мен орны туралы хабарлайды.
11. Егер кеме лоцманды қабылдайтын жерге капитан өтiнiмде көрсеткен уақытта келмесе, мұндай жағдайларда кешiккен кеме лоцмандық алып өтумен кезек тәртiбiнде қамтамасыз етiледi.
12. Капитан лоцманды кеме бортына тез және қауiпсiз қабылдауды қамтамасыз етедi және бұл ретте лоцмандық боттың (кеменің) зақымдалуына жол бермейді. Лоцманды қабылдау және түсiру кезiнде кеме капитаны лоцман ботымен байланыс ұстауға және онымен өз әрекетiн келiсуге тиiс. Лоцманның келу сәтiнен бастап және оның кетуiне дейiн кемеде – «Менiң бортымда лоцман бар» деген жалау белгiсi көтерiледi.
13. Лоцманды лоцмандық боттан келе жатқан кемеге түсiру мүмкiн болмайтын қолайсыз ауа райы жағдайында, осы кеменiң капитанымен келiсiм бойынша лоцман алып өтудi лоцманды кеме бортына қабылдау мүмкiн болатын жерге дейiн бастап жүру әдiсiмен жүзеге асыруы мүмкiн. Кеме мен лоцман боты арасында сенiмдi байланыс қамтамасыз етілуi тиiс.
14. Лоцман кеменi лоцмандық алып өтудi жүзеге асыру кезiнде кеме капитаны лоцманға кеменiң шөгуi туралы, ұзындығы, ені мен сыйымдылығы туралы нақты деректерді хабарлайды.
Сонымен қатар, лоцман кеме капитанынан кеменi лоцмандық алып өтудi жүзеге асыру үшiн лоцманға қажеттi кеме туралы өзге деректердi (маневрлiк сипаттамалар және басқалар) талап етуi мүмкін.
15. Кеме капитаны лоцманның талабы бойынша оның қызметтік жұмысы мәселелерi жөнiнде байланысуы үшiн оған кеме радиостанциясын пайдалануға бередi.
16. Лоцмандық алып өту қауiпсiздігінде көрiнiс табатын жағдайлар (көрiнудiң нашарлауы, тұман, кеме жолы тереңдiгінің азаюы) туындаған кезде кеме капитаны лоцманның талабы бойынша лоцман көрсеткен тәртiпте кеме электр радионавигациялық жабдығының құралдарын (эхолот, радиолокатор, радиопеленгатор) пайдаланады. Алып өту ауданында жағалаулық радиолокациялық станция болған кезде лоцман бұл жағдайларда аталған станцияның қызметін пайдалана алады.
16-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.12.2015 жылғы № 1221 Бұйрығына сәйкес (30.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
17. Жүзу қауiпсiздiгi мақсатында кеме капитаны лоцманның ұсынымдарын басшылыққа алады. Рульдi басқарушыға барлық бұйрықтарды капитанның өзі бередi. Егер де маневрдi орындауды жеделдету мақсатында капитан лоцманның өзiне бұйрық беруге рұқсат етсе, онда бұл жағдайда да олар капитан бұйрығы бойынша орындалған болып саналады, ол үшiн капитан жауапты болады.
18. Егер капитан кемеге лоцманды қабылдап, оның ұсынымдарын ескермесе, соңғысы үшiншi тұлғаның қатысуымен кеменi алып өтудi жалғастырудан бас тартуы мүмкiн, бұл туралы кеме журналында жазылуы тиiс. Бұдан басқа, лоцман болған оқиға туралы лоцмандық қызметке дереу хабарлайды. Алайда, алып өтуден бас тартқаннан кейiн де лоцман мiнбеде қалады және, егер капитанға қауiпсiз жүзу үшін мәлiметтер қажет болса, ол олар туралы хабарлайды.
19. Лоцман ұсынымының дұрыстығына күмән болған жағдайда, кеме капитаны оның қызметiнен бас тартуы мүмкiн. Бұл ретте мүмкiн болатын мiндетті лоцмандық алып өту ауданында кеме басқа лоцманның келуiн күтуге тоқтатылуы тиiс.
20. Лоцман капитанның келiсiмiнсiз кеме қауiпсiз жерде зәкiрге отырғызылғанға немесе лоцман басқа лоцманмен ауыстырылғанға дейiн кеменi тастай алмайды.
21. Кеме капитаны мiндеттi емес лоцмандық алып өту аудандарында, қажет жағдайда, шығыстарды кеме иесінің есебiне жатқыза отырып, лоцманды кемеге алуы мүмкiн.
22. Тиісті лоцмандық алып өтпеуге кiнәлi лоцман, ол қызметкерi болып табылатын Комитеттің аумақтық органының, ұйымның және лоцмандық қызметтің басшыларынан құрылған бiлiктiлiк комиссиясы лоцманның лауазымдық міндеттерін орындауы кезіндегі әрекеті (әрекетсіздігі) нәтижесінде кемеге немесе су ортасына залал келтірген, адамдар өміріне тікелей қауіп төндірген жағдайда біліктілігінен айыруы мүмкiн.
Лоцманды біліктілігінен айыру лоцманды лоцмандық алып өтуді іске асыру құқығынан айыру деп ұғынылады.
Лоцман Қазақстан Республикасының азаматтық процессуалды заңнамасымен белгіленген тәртіппен комиссияның мамандықтан айыру туралы шешіміне шағымдана алады.
Полная версия