Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір шешімдері мен "Ықтимал жер сілкіністері аймақтарында құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 44-ө өкімінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 173 қаулысы
Редакция 29.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулаp бекiтiлсiн.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп танылсын.
3. «Ықтимал жер сілкіністері аймақтарында құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 44-ө өкімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 173 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.12.2016 жылғы № 887 Қаулысымен (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.01.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. «Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшыраған туристерге қажеттi көмек көрсететiн мамандандырылған қызметтердiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 мамырдағы № 450 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 19, 198-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшыраған туристерге қажеттi көмек көрсететiн мамандандырылған қызметтердiң тiзбесiнде:
реттік нөмірлері 1, 2, 3, 4, 5 және 6-жолдардағы «Бағыныстылығы» деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті».
3. «Төтенше жағдай енгізiлген жерде халықаралық iзгілік көмектi бөлу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 наурыздағы № 271 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 11, 145-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Төтенше жағдай енгiзiлген жерде халықаралық iзгілік көмектi бөлу ережесiнде:
«2) халықаралық iзгiлiк көмектi Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің өкiлдерiмен өзара iс-қимыл жасай отырып бөлудi;»;
Полная версия