Близость слов: Окончание:





Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 наурызда № 10379 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2017 жылғы № 330 Бұйрығына сәйкес (23.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2018 жылдан бастап және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Редакция 08.02.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 139-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.11.2022 жылғы № 87 Бұйрығына сәйкес (29.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қоса берілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2017 жылғы № 330 Бұйрығына сәйкес (23.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2018 жылдан бастап және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрық орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың назарына жеткізсін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
___________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы «__» _______
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
___________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы «__» _______
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 2 ақпандағы
№ 70 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.06.2016 жылғы № 278 Бұйрығымен (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 21.07.2016 жылы тіркелді
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.05.2017 жылғы № 214 Бұйрығымен (23.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2017 жылғы № 330 Бұйрығымен (23.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2018 жылдан бастап және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 04.02.2020 жылғы № 8 Бұйрығымен (15.09.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.02.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.12.2020 жылғы № 97 Бұйрығымен (04.02.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.11.2022 жылғы № 87 Бұйрығымен (29.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 07.08.2023 жылғы № 146 Бұйрығымен (24.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.12.2024 жылғы № 118 Бұйрығына сәйкес (07.08.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.02.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидалары «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 139-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кәсіпорынның (бұдан әрі – кәсіпорын) басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалардың талаптары Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын жекелеген білім беру және мәдениет кәсіпорындарының бірінші басшыларына, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарының бірінші басшыларына қолданылмайды.
Осы Қағидалардың талаптары, оның 6-тарауын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратымен келісу бойынша лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын кәсіпорындар басшыларына қолданылмайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
Полная версия
ИС BestProfi