Қазақстан Республикасында жер мониторингін жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 159 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 қаңтарда № 10148 тіркелді
Осы Бұйрықтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2015 жылғы № 637 Бұйрығына сәйкес
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 161-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.02.2020 жылғы № 63 Бұйрығына сәйкес (22.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті (Қ.Қ. Айтмұхаметов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1. Осы Қазақстан Республикасында жер мониторингін жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 161-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында жер мониторингін жүргізу және оның деректерін пайдалану тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.02.2020 жылғы № 63 Бұйрығына сәйкес (22.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.02.2020 жылғы № 63 Бұйрығына сәйкес (22.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) жердің тозуы – жердің табиғи ортаның элементі ретіндегі функциясының өзгеруіне, оның сандық және сапалық жай-күйінің нашарлауына, табиғи-шаруашылық мәнінің төмендеуіне әкеп соқтыратын процестер жиынтығы;
2) жер мониторингі – жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау, болып жатқан өзгерістерді уақтылы анықтау, оларды бағалау, одан әрі дамуын болжау және теріс процестер салдарларының алдын алу және жою жөнінде ұсынымдар әзірлеу мақсатында жер қорының сапалық және сандық жай-күйіне базалық (бастапқы), жедел, кезеңдік байқаулар, оның ішінде жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып жүргізілетін байқаулар жүйесі;
3) негізгі учаске – өсімдіктер мен топырақтың құрамын және сипатын, олардың белгілі бір ландшафттың табиғи жағдайларымен байланысын қажетті нақтылықпен көрсететін жергілікті жердегі типтік учаске;
5) стационарлық пункт – әртүрлі табиғи-климаттық аймақтарда, провинцияларда, биіктік белдеулерінде өсімдіктер мен топырақ жамылғысының жай-күйін ұзақ уақыт (10 (оң) жылдан астам мерзімге) тұрақты байқау мақсатында ұйымдастырылатын жер учаскесі.
3-тармақ алынып тасталды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.02.2020 жылғы № 63 Бұйрығына сәйкес (22.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Мониторинг жердің нысаналы мақсатының ерекшелігі ескеріле отырып жүргізіледі және жердің санаттарына сәйкес келетін мынадай кіші жүйелерге бөлінеді:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.02.2020 жылғы № 63 Бұйрығына сәйкес (22.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған жерлер және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер мониторингі;
жергілікті - жекелеген жер учаскелері мен ландшафтық-экологиялық кешендердің қарапайым құрылымдарына дейінгі өңірлік деңгейден төмен аумақтық объектілерде жүргізіледі.
8. Жердің жай-күйін бағалау жүргізілетін байқауларды (кезеңдік, маусымдық, тәуліктік) талдау, алынған көрсеткіштерді нормативтермен салыстырғандағы өзгерістердің бағыттылығы мен қарқындылығын зерделеу арқылы орындалады.
9. Жердің жай-күйін бағалаудың нәтижелері бойынша оларға өзгерістердің дамуының, ерекше жағдайда жағымсыз сипаты бар серпінін, бағытталуын және қарқындылығын сипаттайтын тақырыптық карталар, диаграммалар және кестелер қоса беріле отырып, жедел мәліметтер, баяндамалар, ұсынымдар және ғылыми болжамдар жасалады.
10. Жер мониторингін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қазақстан Республикасының барлық аумағында бірыңғай жүйе бойынша жүргізеді.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.12.2015 жылғы № 782 Бұйрығына сәйкес (23.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.02.2020 жылғы № 63 Бұйрығына сәйкес (22.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) топырақ құнарлылығының өзгеруіне (шөлейттену, су және жел эрозиясының дамуы, топырақтың қарашіріксізденуі, қоректендіру элементтерінің төмендеуі, тұздану, батпақтану, артық ылғалдану және су басу);
2) табиғи азықтық алқаптардың өсімдік қабаты жай-күйінің өзгеруіне байланысты процестер байқалған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде басым тәртіппен жүзеге асырылады.
11. Жер мониторингін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорындар бірыңғай жүйе бойынша жүргізеді, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган оларға қатысты мемлекеттік басқару органы болып табылады.
13. Жер мониторингін жүргізу үшін жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жердің жай-күйін бақылау пункттерінің аумақтық-аймақтық желісін анықтайды.
Стационарлық бақылау пункттері берілген толықтық пен дәлдік арқылы жердің жай-күйі туралы ақпаратты-жүйелі алып тұру үшін құрылады. Стационарлық алаңдар, түйінді учаскелер және полигондар осындай пункттерге жатады.
Жартылай стационарлық бақылау пункттері (жартылай стационарлық алаң, бейін) жұмыстың нақты шарттары мен мақсаттарына қарай ұйымдастырылады. Оларды бақылау жүйелі түрде 3, 5, 10 және одан көп жыл аралықпен жүргізіледі.
16. Жерді жүйелі түрде байқаулардың, жерүсті түсірілімдерін, зерттеп-қараулардың, түгендеулердің нәтижелері, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау материалдары, мұрағат деректері, жерді қашықтықтан зондтау деректері, мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және электрондық ақпараттық ресурстардан алынған мәліметтер, сондай-ақ жердің сапалық жай-күйі туралы басқа да мәліметтер жер мониторингі үшін ақпарат көздері болып табылады.
16-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.02.2020 жылғы № 63 Бұйрығына сәйкес (22.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Жер бетіндегі бақылау, зерттеу, тексеру және суретке түсіру стационарлық және жартылай стационарлық алаңдарды, түйінді учаскелерді, полигондарды және бейіндерді пайдалану арқылы жердің барлық санаттары бойынша жүргізіледі.
18. Жер мониторингінің нәтижелері қағаз жеткізгіштермен де, ақпаратты электрондық жинақтау, өңдеу және сақтау жүйелерін пайдалану арқылы да есептер, кестелер, карталар және картограммалар түрінде ресімделеді.
Базалық құжаттарда өңірлік объектінің немесе жер учаскесінің бастапқы (аялық) жай-күйі тіркеледі. Базалық құжаттарға жердің жай-күйінің бастапқы тақырыптық карталары, картографиялық материалдар және жердің сапалық жай-күйі туралы жиналған мәліметтер жатады.
20. Мемлекеттік құпияға жатқызылған жер учаскелерінің жоспарларында (сызбаларында) қамтылған мәліметтер «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес пайдаланылады және сақталады.
20-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.02.2020 жылғы № 63 Бұйрығына сәйкес (22.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
аумақтардың дамуын жоспарлау, жерді аймаққа бөлу, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу, қала құрылысы кадастры мәселелері, жер ресурстарын басқаруға байланысты басқа да мәселелер бойынша - мемлекеттік, жергілікті атқарушы және өкілді органдар;
қоршаған орта және табиғи ресурстар мониторингінің Бірыңғай мемлекеттік жүйесін жүргізу, табиғи ресурстардың пайдаланылуына және қоршаған ортаның жай-күйіне бақылау жүргізу мәселелері, мемлекеттік органдар арасында табиғат қорғау іс-шараларын әзірлеу бойынша жиынтық деректер банкін жүргізу үшін - қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық орган;
22. Жер мониторингінің деректерін пайдалану қағаз немесе магниттік жеткізгіштермен стандартты ресімделген құжаттармен танысу және (немесе) оларды алу, сондай-ақ техникалық телекоммуникациялық байланыс құралдарын қолдану арқылы деректер банкіне тікелей рұқсат етілген кіру нысанында жүзеге асырылады.
23. Жер мониторингінің мемлекеттік құпияларды және өзге де шектеулерді қамтымайтын деректері жалпыға қол жетімді болып табылады және мүдделі жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде беріледі.