Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 637 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 қазанда № 12158 болып тіркелді
Редакция 03.11.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрықтарына енгізіліп отырған өзгерістер мен толықтыру тізімі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Е. Досаев
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық экономика министрінің
 2015 жылғы 15 қыркүйектегі
 № 637 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрықтарына енгізіліп отырған өзгерістер мен толықтыру тізімі
1. «Жер-кадастрлық құжаттамалардың құрылымын, құрамын және мазмұнын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 68 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9951 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 ақпандағы № 28 (28506) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспенің орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер-кадастрлық құжаттаманың құрылымында, құрамы және мазмұнында:
«6) берілген жер учаскесінің алаңын, оның шекаралары мен орналасқан жерін, жер учаскелерінің шектес меншік иелері мен жер пайдаланушыларын, сондай-ақ берілетін жер учаскесінің ауыртпалықтары мен сервитуттарын нақтылайтын жер учаскесіне құқық берілгені туралы жерге орналастыру жобасының көшірмесі.
Тұрғын үй, саяжай құрылысына және бағбандық үшін бөліп берілетін алаңға жер учаскелерін орналастырудың жерге орналастыру жобасы болған жағдайда, ресімделіп отырған жер учаскесінің жер-кадастрлық ісіне жоғарыда аталған жерге орналастыру жобасының үзінді көшірмесі кіргізіледі. Әрбір жер учаскесі үшін жерге орналастыру жобасын әзірлеу талап етілмейді;».
2.  Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.12.2017 жылғы № 430 Бұйрығымен (30.09.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3. «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларында:
1) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер;»;
2) тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер;»;
3) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер;»;
«22. Осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген қаулы қабылданғаннан кейін күнтізбелік 7 күннің ішінде Әкімші, маман және сенім білдірілген өкіл (агент) арасында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тұрғын үй салу үшін бюджеттік кредит беру туралы келісім жасалады.».
4. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 98 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10029 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларында:
«10. Уәкілетті орган жыл сайын, 1 шілдеден және 1 желтоқсаннан кешіктірмей тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін, оның ішінде орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар ұсынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтердің негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.».
5. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 114 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10059 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларында:
«4) ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық тексеруді жүзеге асыратын сарапшылар үшін өткізіледі.».
6. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.09.2016 жылғы № 434 Бұйрығымен (15.09.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 10.10.2016 жылдан бастап)
7. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
7-тармақ күшін жойды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 19.02.2020 жылғы № 68/НҚ Бұйрығына сәйкес (27.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.03.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8. «Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларында:
«194. Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен іске асырылатын республикалық БИЖ және жергілікті БИЖ бойынша жылдық мониторингті республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік және орыс тілдерінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға, оның ішінде электрондық порталға жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 10 сәуірінен кешіктірмей ұсынады.»;
ескертпенің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Республикалық бюджет - республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша, сондай-ақ республикалық бюджеттен берілетін кредиттер мен нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландырылуы жоспарланған жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша ТЭН іс-шараларын іске асыруға сұратылатын сома;»;
реттік нөмірі 2-жолдың 1-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
23-бағанның атауы мынадай редакцияда жазылсын:
9. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
9-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 жылғы № 42 Бұйрығына сәйкес (19.02.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10. «Жергілікті атқарушы органдардың 2014-2016 жылдарға арналған мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 156 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10098 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жергілікті атқарушы органдардың 2014-2016 жылдарға арналған мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін бекіту.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жергілікті атқарушы органдардың 2014-2016 жылдарға арналған мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерінде:
қазақ тіліндегі оң жақ бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 156 бұйрығымен бекітілді».
11. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
11-тармақ күшін жойды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 27.05.2025 жылғы № 34 Бұйрығына сәйкес (19.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12. «Қазақстан Республикасында жер мониторингін жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 159 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10148 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында жер мониторингін жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидаларында:
16-тармақтың үшінші абзацының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
13. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
13-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 17.10.2025 жылғы № 109 Бұйрығына сәйкес (29.05.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14. «Қазақстан Республикасына еттің кейбір түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталардың көлемдерін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 30 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10181 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«3. Сауда қызметін реттеу департаменті:
1) тарифтік квота көлемін тарихи өнім берушілер арасында бөлуді осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асыруды;
2) еттің кейбір түрлерін әкелуге арналған тарифтік квота көлемдері (бекітілген, қолданылған, бөлінбей қалғандары) туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды, тиісті ақпаратты орналастыруды және осы Қағидаларда көрсетілген басқа рәсімдерді қамтамасыз етсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасына еттің кейбір түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталардың көлемдерін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидаларында:
2-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
«15. Импортқа арналған лицензияны жаңа өнім берушілер үшін көзделген тарифтік квоталар көлемдері таусылғанға дейін сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган береді.»;
1-бағанның 3 жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«Пісірілген шұжықтар, жіңішке шұжықтар, сарделькалар».
15. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
15-тармақ күшін жойды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 29.05.2025 жылғы № 44 Бұйрығымен (27.05.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
16-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 жылғы № 42 Бұйрығына сәйкес (19.02.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17. «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 44 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10323 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерінде:
20 тармақтың 1-тармақшасының екінші абзацының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
702, 705, 706-тармақтардың орыс тіліндегі мәтіндеріне өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
18. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
18-тармақ күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.07.2021 жылғы № ҚР ДСМ-62 Бұйрығына сәйкес (22.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi