Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикалық министрінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 98 бұйрығы. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 2014 жылы 29 желтоқсанда № 10029 тіркелді
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 01.04.2024 жылғы № 188/НҚ Бұйрығына сәйкес (18.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 10.03.2020 жылғы № 89/НҚ Бұйрығына сәйкес (15.09.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.03.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті (А.С. Биахметов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жолдауды;
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2015 жылғы № 637 Бұйрығымен (20.11.2014 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.10.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.03.2020 жылғы № 48-НҚ Бұйрығына сәйкес (15.09.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.03.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 16.02.2021 жылғы № 58/НҚ Бұйрығына сәйкес (10.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 13.07.2021 жылғы № 244/НҚ Бұйрығымен (16.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 18.10.2022 жылғы № 387/НҚ Бұйрығымен (13.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 01.04.2024 жылғы № 188/НҚ Бұйрығына сәйкес (18.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 04.12.2025 жылғы № 614/НҚ Бұйрығына сәйкес (01.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес әзірленген және жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау және оларды мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне енгізу тәртібін қоса алғанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.
1) жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызмет – мемлекеттік көрсетілетін қызмет өлшемшарттарына сай келетін, бірақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілмеген мемлекеттік функция;
2) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;
3) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;
4) қоғамдық маңызы бар көрсетілетін қызмет – үздіксіз негізде жүзеге асырылатын және қоғамның заңды мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет;
5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;
6) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметке тізілім сыныптамасының барлық деңгейдегі кодтарынан қалыптастырылатын цифрлық белгілер түріндегі сегізмәнді жеке сыныпталған код беріледі.
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлігінде тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілімге қазақ және орыс тілдерінде өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды және (немесе) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдерінде тізілімге толықтырулар енгізу жөніндегі мәліметтерді уәкілетті органға ұсынады.
3) қоғамдық маңызы бар көрсетілетін қызметтер бөлігінде тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдерінде тізілімге өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды және (немесе) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдерінде тізілімге толықтырулар енгізу жөніндегі мәліметтерді уәкілетті органға ұсынады.
Уәкілетті орган тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың отызыншы күнінен кешіктірмей тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді жүзеге асырады не мемлекеттік органға келіп түскен ұсыныстарды қабылдамау туралы дәлелді қорытынды жолдайды.
9. Қоғамдық маңызы бар көрсетілетін қызмет осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен бір мезгілде мынадай өлшемшарттарға сәйкес келген кезде тізілімге енгізілуге жатады:
10. Уәкілетті орган «электрондық үкімет» веб-порталында тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін орталық мемлекеттік органдардан және жергілікті атқарушы органдардан тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы ұсыныстардың түсуіне қарай, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы егжей-тегжейлі ақпаратты және өзге де түйінді мәліметтерді (көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер, көрсетілетін қызметті берушінің атауы, өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарының немесе ақпараттандыру объектілерінің атаулары, мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы не тегін болуы, мемлекеттік қызмет көрсету нысаны, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің атауы) орналастыруды қамтамасыз етеді.
11. Тізілім мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен және мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітіледі немесе оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі.
12. Жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мемлекеттік функцияны іске асыру шеңберінде құжат түрінде және (немесе) іс-әрекет түрінде нақты, үлгілік нысаны болады.
1) орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен өтініштеріне жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау мәніне талдау жүргізеді;
Орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді талдау негізінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне ұсыныстар қалыптастырады;
2) орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей уәкілетті органға Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі тізіліміне толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды ұсынады, ол бойынша тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың отызыншы күнінен кешіктірмей жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметті енгізіп, уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдармен одан әрі келісу үшін тізілім жобасын әзірлейді не мемлекеттік органға келіп түскен ұсыныстарды қабылдамау туралы дәлелді қорытынды жолдайды;
3) жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметті тізілімге енгізу бойынша келіспеушілектер болған жағдайда, жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметті енгізу мәселесі оны тізілімге енгізудің орындылығы немесе орынсыздығы бойынша ұсыныстар шығару үшін Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияға шығарылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті және (немесе) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрін көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауы
Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің атауы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы
Көрсетілетін қызметті алушылардың санаты
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауы
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Өтініштерді қабылдауды және ресімделген құжаттарды беруді жүзеге асыратын ұйымдар (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің әрбір кіші түріне)
Ақылы болуы (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің әрбір кіші түріне)
1
2
3
4
5
6
7
8
оның ішінде:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижелерінің нысаны (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің әрбір кіші түріне)
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
Көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесі (қызмет көрсетуге арналған)
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі (құжаттар тізілімі)
Тізілімге толықтырулар енгізу негіздемесі (нормативтік құқықтық актіге және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасына сілтеме (болған жағдайда)