Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 25.05.2021
Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 191 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2021 жылғы 25 мамырдан бастап ҚР Үкіметінің 06.05.2021 жылғы № 305 Қаулысына сәйкес 
«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2-бөлімді және 2015 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 3-бөлімді қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
2015 жылғы 3 сәуірдегі
 № 191 қаулысымен
 бекітілген
Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптар
1. Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесіне енгізілген террористік тұрғыдан осал әрбір объектінің осы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарға (бұдан әрі - талаптар) сәйкес терроризмге қарсы қорғалу жүйесі болуы тиіс.
2. Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесін (бұдан әрі - жүйе) құру мақсаты олардың террористік қауіп-қатердің әсерінен қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
3. Осы талаптарда пайдаланылатын ұғымдар мен терминдер:
1) террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесі - ғимараттардың, құрылыстар мен өзге де объектілердің терроризмге қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде пайдаланылатын инженерлік-техникалық нығайтылу, кіруді бақылау және басқару жүйесі, байланыс және хабардар ету жүйесі, телевизиялық бейнебақылау, сондай-ақ жарықтандыру жүйесі құрауыштарының жиынтығы;
2) инженерлік-техникалық нығайтылу - күзетілетін аймақтарға санкциясыз кіруге және басқа да қылмыстық қолсұғушылықтарға қарсы қажетті іс-қимылды қамтамасыз ететін конструктивті элементтер;
3) периметр - күзетілетін аумақтың (аймақтың) қоршалған құрылыс конструкцияларымен (тосқауылдармен) және бақылау-өткізу пункттерімен жабдықталған шекарасы;
4) бақылау-өткізу пункті - адамдарды және көлік құралдарының рұқсат берілген түрін өткізуді қамтамасыз етуге арналған арнайы үй-жай;
5) қауіпті аймақ - өздеріне қатысты террористік қауіп-қатерді іске асыру теріс салдарға әкеп соқтыруы мүмкін үй-жай, учаскелер және конструктивті элементтер;
6) күзетілетін аймақ - күзет сигнализациясы жүйесінің көмегімен бақыланатын параметрлердің өзгеруі анықталуы мүмкін (тиіс) ғимараттың және/немесе аумақтың (объектінің) бір бөлігі;
7) күзет шебі - объектінің белгілі бір аймағын немесе үй-жайды (периметр, көлем және оларға келу жолдары) бақылайтын инженерлік-техникалық құралдар мен қауіпсіздік жүйелерінің жиынтығы, олардан өту кезінде объектінің жай-күйін бақылау жабдығына немесе алып жүруге болатын хабарландырғыштарға (дыбыс, жарық индикациясы) тиісті хабарлама беріледі;
8) күзет сигнализациясының жүйесі - күзету объектісіне санкциясыз енуді, күзетілетін объекті тұтастығының бұзылуын анықтауға, объекті тұтастығының бұзылуы туралы ақпаратты жинауға, өңдеуге, беруге және сол қалпында ұсынуға арналған бірлесе әрекет ететін техникалық құралдардың жиынтығы;
9) күзет сигнализациясының шебі - электр тізбегіне тізбектеліп біріктірілген, осы тізбекке енгізілмеген басқа техникалық құралдардан тәуелсіз күзетілетін аймаққа (аймақтарға) ену (енуге әрекет) туралы хабарлама беруге мүмкіндік беретін күзет сигнализациясының бірлесе әрекет ететін техникалық құралдарының жиынтығы;
Полная версия
ИС BestProfi