|
№
п/п
|
Біліктілік талаптары
|
Құжаттар
|
Ескертпе
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
|
1. Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметі үшін
|
|
1)
|
тұтынушылармен жұмысты қамтамасыз ететін қызметтер (персоналдар) – абоненттiк қызметтердің, учаскелердің болуы
|
осы қызметтi құру туралы бұйрықтың болуы туралы мәлімет нысаны (қосымшаға сәйкес)
|
|
|
2)
|
банк анықтамасымен расталған кемiнде 10000 айлық есептiк көрсеткiш мөлшеріндегі айналым қаражатының болуы
|
банк анықтамасы
|
|
|
3)
|
тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
|
|
|
| 2026 жылдың 12 шілдеден бастап ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 02.06.2026 жылғы № 64 Бұйрығына сәйкес 4-жол келесі редакциясында әрекет етеді: |
| 4) |
меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде тұтынушылармен жұмыс iстеуге және абоненттiк қызметтердi орналастыруға арналған ғимараттар немесе үй-жайлардың болуы |
құқық белгiлейтiн құжаттар, оны пайдалануға, оның ішінде жалға алу, қосымша жалға алу шарты бойынша алғанын куәландыратын көшірме |
меншiк құқығында ғимараттар немесе үй-жайлардың болуы туралы ақпаратты лицензиар «Жылжымайтын мүлікті тіркеу» мемлекеттік деректер қорының цифрлық жүйесі арқылы алады |
|
4)
|
меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде тұтынушылармен жұмыс iстеуге және абоненттiк қызметтердi орналастыруға арналған ғимараттар немесе үй-жайлардың болуы
|
құқық белгiлейтiн құжаттар, оны пайдалануға, оның ішінде жалға алу, қосымша жалға алу шарты бойынша алғанын куәландыратын көшірме
|
меншiк құқығында ғимараттар немесе үй-жайлардың болуы туралы ақпаратты лицензиар «Жылжымайтын мүлікті тіркеу» мемлекеттік деректер қорының ақпараттық жүйесі арқылы алады
|
| 5) |
кернеудің кемінде төрт сыныбының электр желілерінің (кабельдік немесе әуе электр беру желілерінің) болуы(220, 110, 35, 20, 10, 6, 0,4 киловольт) ұлттық электр желісімен тікелей технологиялық байланысы бар |
құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері;
ұлттық электр желісін пайдалануды жүзеге асыратын жүйелік оператормен теңгерімдік тиесілігін және пайдалану жауапкершілігін ажырату актілерінің көшірмелері |
көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларының болуы
Электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес нәтижелері бойынша өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес остігі туралы қорытынды жасалатын өтініш берушіге бару және (немесе) шақыру арқылы рұқсат беру бақылауын жүргізу жолымен белгіленеді |
| 2026 жылдың 12 шілдеден бастап ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 02.06.2026 жылғы № 64 Бұйрығына сәйкес 6-жол келесі редакциясында әрекет етеді: |
| 6) |
электр энергиясын, оның ішінде коммуналдық меншіктегі және бір мезгілде қызметін «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 3), 4) және 14) тармақшаларына сәйкес жүзеге асыратын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, олар үшін электр энергиясына тікелей қосылған он екі мың тұтынушының болуы жеткілікті болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, оның ішінде үйге ортақ желілер арқылы қосылған кемінде отыз мың электр энергиясын тұтынушылардың болуы |
электр энергиясын кемінде отыз мың тікелей қосылған тұтынушылардың, оның ішінде жалпы үй желілері арқылы бар екенін растайтын құжаттардың көшірмелері:
1) тұтынушының тегі, аты және әкесінің аты көрсетілген тұрмыстық тұтынушылар тізілімі, абоненттік нөмірі;
2) тұрмыстық емес тұтынушылар тізілімі (оның ішінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар бойынша) – заңды тұлғаның атауы, электрмен жабдықтау шартының нөмірі |
көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларының болуы Электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес нәтижелері бойынша өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес остігі туралы қорытынды жасалатын өтініш берушіге бару және (немесе) шақыру арқылы рұқсат беру бақылауын жүргізу жолымен белгіленеді |
| 6) |
электр энергиясын, оның ішінде жалпы үй желілері арқылы тікелей қосылған отыз мыңнан кем емес тұтынушылардың болуы |
электр энергиясын кемінде отыз мың тікелей қосылған тұтынушылардың, оның ішінде жалпы үй желілері арқылы бар екенін растайтын құжаттардың көшірмелері:
1) тұтынушының тегі, аты және әкесінің аты көрсетілген тұрмыстық тұтынушылар тізілімі, абоненттік нөмірі;
2) тұрмыстық емес тұтынушылар тізілімі (оның ішінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар бойынша) – заңды тұлғаның атауы, электрмен жабдықтау шартының нөмірі |
көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларының болуы
Электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес нәтижелері бойынша өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес остігі туралы қорытынды жасалатын өтініш берушіге бару және (немесе) шақыру арқылы рұқсат беру бақылауын жүргізу жолымен белгіленеді |
|
2. Магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану қызметі үшін
|
|
1)
|
меншiгiнде немесе өзге де заңды негiздерде магистралдық газ құбырларының, мұнай құбырларының, мұнай өнiмдерi құбырларының, диагностикалық, бақылау-өлшеу аспаптарының, сондай-ақ магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалануды қамтамасыз ететiн құралдардың, жабдықтардың болуы
|
меншік құқықғын белгілейтін құжаттардың көшірмелері;
меншiгiнде немесе өзге де заңды негiздерде магистральдық газ құбырларының, мұнай құбырларының, мұнай өнiмдерi құбырларының, диагностикалық, бақылау-өлшеу аспаптарының, сондай-ақ негiзгi жабдықтың техникалық сипаттамалары бойынша ақпаратты, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң теңгерiмiндегi негiзгi өндiрiстiк активтердiң тiзбесiн көрсете отырып, магистралдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалануды қамтамасыз ететiн құралдардың, жабдықтардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)
|
жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтары және оның техникалық сипаттамалары туралы ақпарат «Жылжымайтын мүлікті тіркеу» мемлекеттік деректер базасынан деректер алу мүмкіндігі болған жағдайда ұсынылмайды
|
|
2)
|
1) жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетудi;
2) магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдаланудың технологиялық процесiн сақтауды;
3) еңбекті қорғау мен қауiпсiздiк техникасын;
4) қоршаған ортаны қорғауды;
5) метрологиялық бақылауды қамтамасыз ететiн қызметтердің болуы
|
осы қызметтердi құру туралы бұйрықтардың болуы туралы мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)
|
|
|
3)
|
тиiстi бiлiм деңгейiне (басшылар үшiн - мұнай-газ саласындағы жоғары бiлiм, мамандар үшiн - мұнай-газ саласындағы орта арнайы бiлiм) жауап беретiн және осы саладағы мамандық бойынша кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі бар бiлiктi техникалық басшылар мен мамандар құрамының (өндiрiстiк персоналдың жалпы санының кемінде 70 %-ы) болуы
|
қызметкерлердің әрқайсысы бойынша штат кестесі бойынша: тегi, аты, әкесiнiң аты, бiлiмi бойынша мамандығы, лауазымы, осы саладағы мамандығы бойынша жұмыс өтiлi жөніндегі ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)
|
өндірістік персонал – әкімшілік-басқарушы персоналды (ӘБП) қоспағанда, өндірісте тікелей жұмыс істейтін және кәсіпорынның өндірістік процесімен тікелей байланысты персонал
|
|
4)
|
белгiленген тәртiппен бекiтiлген, сондай-ақ бекітілу кезінде қолданыстағы: қоршаған ортаны қорғау, қауiпсiздiк техникасы жөнiндегi бағдарламалар мен iс-шаралардың; заманауи жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып жұмыс істейтін өндiрiстiк объектiлердi реконструкциялау, жаңғырту жөнiндегi бағдарламалардың; жөндеу жұмыстарын орындау жоспарларының (бағдарламаларының); аварияларды жою жоспарының болуы
|
тиісті жоспарлар, бағдарламалар мен іс-шаралардың көшірмелері
|
|