«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 164 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 наурызда № 10548 тіркелді
Редакция 07.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралар туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және дамуминистрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 164 бұйрығымен бекітілген
Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптар
Талаптар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 09.06.2017 жылғы № 336 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Талаптар жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 05.06.2018 жылғы № 430 Бұйрығына сәйкес (09.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3-тармағының 55-16) тармақшасына (бұдан әрі – Заң), 1974 жылғы Теңізде адам өмірін қорғау жөніндегі халықаралық конвенциясы V-тарауының 14-ережесіне (бұдан әрі – СОЛАС конвенциясы) сәйкес түзетулермен бірге әзірленген кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілейді, ол кеме жүзуінің қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету үшін қажет.
2. Осы Талаптар Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімінде, Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде және бербоут-чартер тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын өздігінен жүретін кемелерге қолданылады.
3. Осы Талаптарда пайдаланылатын ұғымдар:
3-тармақ өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.08.2019 жылғы № 677 Бұйрығымен (05.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.09.2021 жылғы № 498 Бұйрығына сәйкес (29.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) аға механик – қозғалтқыш қондырғылары үшін, сондай-ақ кемедегі механикалық және электрондық қондырғыларын пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету үшін жауапты, лауазымы бойынша аға механигі;
Полная версия