Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем және шығармашылық ұжымдарға "Академиялық" мәртебе берудің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 5 наурыздағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 сәуірде № 10619 тіркелді
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 11-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 09.04.2024 жылғы № 138-НҚ Бұйрығына сәйкес (13.09.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған «Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем және шығармашылық ұжымдарға «Академиялық» мәртебе берудің қағидалары мен шарттары» бекітілсін.
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күннің ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесінде ресми жариялануға жолдауын;
4) осы тармақпен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем және шығармашылық ұжымдарға «Академиялық» мәртебе берудің қағидалары мен шарттары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 13.09.2018 жылғы № 256 Бұйрығымен (05.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 09.04.2024 жылғы № 138-НҚ Бұйрығына сәйкес (13.09.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем және шығармашылық ұжымдарға (бұдан әрі – ұйымдар) «Академиялық» мәртебе берудің қағидалары мен шарттары мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем және шығармашылық ұжымдарға «Академиялық» мәртебесін беру тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2. Республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдарының, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының басшылары Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) «Академиялық» мәртебесін беру туралы қолдаухат (бұдан әрі – қолдаухат) ұсынады. Қолдаухатқа мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) ұйымның ұлттық мәдениет пен өнерді дамытуға, насихаттауға және қалыптастыруға қосқан елеулі үлесі мен құрылу туралы анықтама (өз қызметінде кәсібилікті, жұмыстың тиімділігі мен сапасын арттыру үшін инновациялар енгізу, талантты жас кадрларды анықтауды және тәрбиелеуді жүзеге асыру, жаңа қойылымдарды қоса алғанда, жылына спектакльдердің немесе концерттердің саны);
3) бұрынғы КСРО-ның және өзге де шет мемлекеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталған шығармашыл қызметкерлер туралы мәліметтер және оларды растайтын құжаттардың көшірмелері;
4) республикалық, халықаралық конкурстардың, фестивальдердің лауреаттары мен дипломанттары болып табылатын шығармашыл қызметкерлер және (немесе) жекелеген кәсіби көркем және шығармашылық ұжымдар туралы мәліметтер және оларды растайтын құжаттардың көшірмелері;
5) соңғы үш жылда қызметі туралы республикалық және (немесе) шетелдік мерзімді баспа басылымдарында жарияланған басылымдардың тізімі және олардың көшірмелері.
7. Комиссияның шешімдері Комиссия мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Комисия мүшелерінің дауыстары тең болған кезде төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
Өтініштер осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес келмеген жағдайда Комиссия өтінішхаты және оған қоса берілетін құжаттарды республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымының басшысына немесе облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органының басшысына қайтарады.
9. Министрлік Қазақстан Республикасының Үкіметіне 1 қарашаға дейін ұйымдарға «Академиялық» мәртебесін беру туралы ұсынысты келесі құжаттар қосымшасымен енгізеді:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы және «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулысына сәйкес құжаттар;
10. «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-тармағына сәйкес «Академиялық» мәртебесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен беріледі.
11. «Академиялық» мәртебесі өз саласында жетекші болып табылатын, Қазақстан Республикасының ұлттық мәдениеті мен өнерін қалыптастыруға, дамытуға және насихаттауға елеулі үлес қосқан ұйымдарға беріледі. Олардың елеулі үлес қосқаны келесі негізге сүйеніп анықталады:
5) шығармашыл қызметкерлерінің кемінде сексен пайызы мәдениет саласындағы жоғары білімі бар мамандардан құралған кәсібі білікті құрамы бар, шығармашыл қызметкерлерінің кемінде жиырма бес пайызы бұрынғы КСРО-ның және өзге де шет мемлекеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталған, шығармашыл қызметкерлерінің кемінде жиырма бес пайызы республикалық, халықаралық конкурстардың, фестивальдердің лауреаттары мен дипломанттары және (немесе) жекелеген кәсіби көркем және шығармашылық ұжымдар кемінде он республикалық, халықаралық конкурстардың, фестивальдердің лауреаттары мен дипломанттары болып табылады;