Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2023
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 наурызда № 10589 тіркелді
Осы Бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап күшін жойды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.06.2023 жылғы № 260 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 15.10.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 23.12.2015 жылғы № 998 Бұйрығына сәйкес (30.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.02.2016 жылы № 37 (28769)„Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды (01.01.2016 жылдан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.04.2020 жылғы № 143 Бұйрығына сәйкес (12.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.09.2022 жылғы № 381 Бұйрығына сәйкес (27.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
____________ А. Сәрінжіпов
2015 жылғы 20 ақпан
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 44 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын әзiрлеу ережесiн бекiту» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 7 желтоқсандағы № 286-п бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3317 тіркелген).
2. «Еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде болған мертiгу немесе денсаулығының өзге зақымдалуы салдарынан еңбек қабiлетiнен айрылу дәрежесін белгілеуге және көмек пен күтiмнiң қосымша түрлеріне мұқтаждығын айқындауға қызметкерді куәландыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2005 жылғы 7 қарашадағы № 287-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3932 тіркелген; 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 166-167(791) «Заң газеті» газетінде жарияланған).
3. «Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 7 желтоқсандағы № 286-ө бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 17-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6806 тіркелген; 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 134-137 (26539) «Егемен Қазақстан» газетінде; Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2011 жылғы № 12 (тираждың шыққан уақыты 13.10.2011) жарияланған).
4. «Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 7 желтоқсандағы № 286-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 6 қарашадағы № 426-ө-м бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8115 тіркелген; 2013 жылғы 30 наурыздағы № 96 (28035) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
5. «Куәландырылатын адамға немесе оның заңды өкіліне медициналық әлеуметтік сараптама жүргізу кезінде берілетін құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 142-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9377 тіркелген).
Полная версия
ИС BestProfi