Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 26.12.2018
"Тұрғын үйді және басқа да үй-жайларды, қоғамдық ғимараттарды күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 125 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 сәуірде № 10637 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 26 желтоқсаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.10.2018 жылғы № ҚР ДСМ-29 Бұйрығына сәйкес
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Тұрғын үйді және басқа да үй-жайларды, қоғамдық ғимараттарды күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндеттерін атқарушы М. Құсайынов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының 
Денсаулық сақтау және 
әлеуметтік даму министрі 
___________ Т. Дүйсенова 
2015 жыл 2 наурыз
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндеттерін атқарушының
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 125 бұйрығымен бекітілген
«Тұрғын үйді және басқа да үй-жайларды, қоғамдық ғимараттарды күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
         1. «Тұрғын үйді және басқа да үй-жайларды, қоғамдық ғимараттарды күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) тұрғын үй ғимараттарына, әкімшілік мақсаттағы ғимараттарға, мәдени-ойын-сауық және спорттық-дене шынықтыру мекемелеріне қойылатын талаптарды анықтайды.
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылды:
1) әкімшілік ғимарат – мемлекеттік, шаруашылық, қоғамдық ұйымдар мен мекемелердің басқарушы аппаратының жұмысы үшін орта құрудың ортақ сәулеттік міндетімен біріктірілген құрылыстар, оның ішінде кеңселер;
2) шудың рұқсат етілген деңгейі – адамның айтарлықтай мазасыздануын және шуға сезімтал жүйелер мен анализаторлардың функционалдық жағдайы көрсеткіштерінің елеулі өзгеруін болдырмайтын фактордың деңгейі;
3) тұрғын үй-ғимарат – негізінен тұрғын үй-жайлардан (пәтерлерден) және ортақ мүлік болып табылатын бөліктерден, сондай-ақ тұрғын емес үй-жайлардан, тұратын құрылыс;
4) мәдени-ойын-сауық мекемелері – өзінің конструкциясымен мәдени-ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу үшін бейімделген әртүрлі сәулеттік стильдегі құрылыстар;
Полная версия
ИС BestProfi