Близость слов: Окончание:





Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларын бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 126 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 наурызда № 10593 тіркелді
Редакция 03.06.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 46-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 18.03.2022 жылғы №297 Бұйрығына сәйкес (10.03.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________ Е. Досаев
2015 жылғы 27 ақпан
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
 2015 жылғы 25 ақпандағы
№ 126 бұйрығымен бекітілген
Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 05.07.2022 жылғы № 666 Бұйрығына сәйкес (18.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар)Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 46-бабы 8-тармағына сәйкес әзірленді және жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 18.03.2022 жылғы №297 Бұйрығына сәйкес (10.03.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге жергілікті бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыру үшін республикалық, облыстық, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетте бекітілген сомалар шегінде беретін трансферттер нысаналы даму трансферттері болып табылады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 21.08.2017 жылғы № 506 Бұйрығына сәйкес (25.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 19.09.2017 жылы тіркелді
2-тарау. Нысаналы даму трансферттерін қарау тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 05.07.2022 жылғы № 666 Бұйрығына сәйкес (18.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттері алдыңғы қаржы жылында бөлінген нысаналы даму трансферттері бойынша бюджеттік бағдарламаларда айқындалған жергілікті бюджеттік инвестициялардың тікелей нәтижелеріне қол жеткізілген кезде бөлінеді. Алдыңғы қаржы жылында тікелей нәтижелерге қол жеткізілмеген және жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру қамтамасыз етілмеген жергілікті бюджеттік инвестицияларды іске асыруға нысаналы даму трансферттері қайта берілмейді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 18.01.2018 жылғы № 36 Бұйрығына сәйкес (28.11.2017 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 05.02.2018 жылы тіркелді
4. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 9938 болып тіркелген) (Бұдан әрі – № 129 бұйрық) бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу, бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларында белгіленген тәртіппен бюджеттік инвестициялар (объектілер) бөлісінде жергілікті бюджеттік инвестициялар (бұдан әрі – ЖБИ) әзірлейді және ЖБИ тізбесін қалыптастырады, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органға жібереді.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 18.03.2022 жылғы №297 Бұйрығына сәйкес (10.03.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган:
5-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 21.08.2017 жылғы № 506 Бұйрығымен (25.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 19.09.2017 жылы тіркелді
5-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 21.08.2017 жылғы № 506 Бұйрығымен (25.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 19.09.2017 жылы тіркелді
5-тармақ өзгертілді ҚР Әділет министрлігінде 05.01.2020 жылғы № 1457 Бұйрығымен (22.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 10.03.2021 жылғы № 197 Бұйрығына сәйкес (05.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақ өзгертілді ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 05.07.2022 жылғы № 666 Бұйрығымен (18.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақ өзгертілді ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 07.02.2023 жылғы № 141 Бұйрығымен (05.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақ өзгертілді ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 16.05.2023 жылғы № 509 Бұйрығымен (07.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)
Полная версия
ИС BestProfi