Близость слов: Окончание:





Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы 
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 350 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 ақпанда № 10273 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 жылғы № 256 Бұйрығына сәйкес (27.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 04.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 111) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.12.2015 жылғы № 1221 Бұйрығына сәйкес (30.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.04.2020 жылғы № 234 Бұйрығына сәйкес (30.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 жылғы № 170 Бұйрығына сәйкес (02.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 14.07.2023 жылғы № 382 Бұйрығына сәйкес (24.05.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 жылғы № 256 Бұйрығына сәйкес (27.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықтың заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін, оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылықты жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалудың бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі  Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________ Е. Досаев
2015 жылғы 15 қаңтар
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
________________ Қ. Қасымов
2015 жылғы 13 қаңтар
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
________________ В. Школьник
2015 жылғы 13 қаңтар
Қазақстан Республикасы       
Инвестициялар және даму министрінің
 2014 жылғы 30 желтоқсандағы    
 № 350 бұйрығымен бекітілген
Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 581 Бұйрығымен (23.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.04.2020 жылғы № 234 Бұйрығына сәйкес (30.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 жылғы № 256 Бұйрығына сәйкес (27.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 111) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Заң) әзірленіп жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру тәртібін және жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 жылғы № 256 Бұйрығына сәйкес (27.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 14.07.2023 жылғы № 382 Бұйрығына сәйкес (24.05.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидалардың қолданысы жарылғыш заттар мен олардың негізіндегі бұйымдарға өнеркәсіптік мақсаттарда пайдалану үшін қолданылады.
3. Осы Қағидалардың қолданысы қорғаныс және азаматтық өнімге жататын жарылғыш заттар мен олардың негізіндегі бұйымдарға қолданылмайды.
4. «Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 жылғы № 256 Бұйрығына сәйкес (27.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;
2) рұқсат – лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы рұқсат беру органдары жүзеге асыратын қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға жеке немесе заңды тұлғаның құқығын растау;
3) жарылғыш зат – белгілі бір жағдайларда сыртқы әсерлердің әсерінен жылу мен газ тәрізді өнімдердің көп мөлшерін бөле отырып, тез өздігінен таралатын химиялық айналуға (жарылысқа) қабілетті конденсацияланған химиялық зат немесе осындай заттардың қоспасы;
4) жарылғыш зат негізіндегі бұйым – өздігінен немесе басқа жарылғыш заттармен бірге дайындалған түрде пайдалануға арналған қабықшаға немесе онсыз жасалған соңғы мөлшердегі жарылғыш заттың жинақы массасы.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
6. Заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) келесі құжаттарды жолдайды:
6-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 жылғы № 256 Бұйрығына сәйкес (27.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) құрамында өкілдер, дайындаушының, әзірлеушінің, сынақтар жүргізілетін ұйымның, аттестатталған (сараптама) ұйымның және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның өкілдері бар комиссия жүргізген тәжірибелік партияның бақылау және қабылдау сынақтары актісінің электрондық көшірмесі;
3) жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде:
жер бетінде жарылыс жұмыстарын жүргізу орны, қауіпті аймақ шекарасы, қауіпті аймақты күзету бекеттерін және оның шегіндегі тұрғын және өндірістік ғимараттарды, құрылыстарды, темір жолдарды, автомобиль жолдарын, арналарды, құбырларды, электр беру желілерін қою орындары көрсетілген жергілікті жердің жоспары бар электрондық құжат;
жер асты жағдайларында жарылыс жұмыстарын жүргізу орнын, қауіпті аймақтың шекарасын, қауіпті аймақты қорғау бекеттерін қою орнын көрсете отырып, тау-кен жұмыстарының жоспарын, сондай-ақ шахтаның (кеніштің, геологиялық барлау жұмыстары объектісінің) газ бен шаң бойынша қауіптілігі туралы мәліметтерді қамтитын электрондық құжат.
Жарылғыш материалдарды пайдалана отырып сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыс бейіндері мен қауіпті аймақты қорғау схемалары бар электрондық құжат ұсынылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі құжаттар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында баяндалған.
Мемлекеттік қызметті көрсету жалпы мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.
7. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар мен мәліметтерді олар түскен күні тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды, ол жауапты орындаушыны тағайындайды.
Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі белгіленген жағдайда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.
Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар мәліметтерінің дұрыстығын тексереді және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсатты не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.
Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз осы Қағидарларға 2-қосымшада көрсетілген.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
8-1. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
2-тарау 8-1-тармақпен толықтырылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 жылғы № 170 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 30.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.
Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе оны алмастырушы тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті» арқылы алуға мүмкіндігі бар.
10. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
11. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
12. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 жылғы № 256 Бұйрығына сәйкес (27.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 жылғы № 170 Бұйрығына сәйкес (02.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) күн ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
13. Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 жылғы № 256 Бұйрығына сәйкес (27.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 жылғы № 170 Бұйрығына сәйкес (02.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
14. Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 жылғы № 256 Бұйрығына сәйкес (27.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
15. Егер Заңда өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
15-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 жылғы № 170 Бұйрығына сәйкес (02.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Жарылыс жұмыстарын
жүргізуге рұқсат беру
қағидаларына 1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 жылғы № 256 Бұйрығына сәйкес (27.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
[Заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)]
 Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруге арналған ӨТІНІШ _______________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы)
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 75-бабын басшылыққа ала отырып, Сізден қоса берілген құжаттар тізбесін қарап, жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруді сұрайды. __________________________________________________________________________________________ (қызмет түрін көрсету) ______________________________________________________________________________мақсатында Жарылыс жұмыстарына басшылық жасау: _________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, жарушының бірыңғай кітапшасының нөмірі, берілген күні) Жарылыс материалдарын сақтау орны: ____________________________________________________ (атауы, орналасқан жері)
Қосымша: [Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттардың тізбесі]
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Ұсынылған ақпараттың анықтығын растаймын және анық емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.
Жарылыс жұмыстарын
жүргізуге рұқсат беру
қағидаларына 2-қосымша
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 жылғы № 256 Бұйрығына сәйкес (27.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

«Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық департаменті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

«Электрондық үкіметтің» www.​egov.​kz веб-порталы.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық түрде (толығымен автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру не болмаса «Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.

2) портал – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

2) жарылыс жұмыстарын қауіпсіз орындау шарттарын, кесектердің ұшуы бойынша қауіпсіз қашықтықтарды, соққы ауа толқынының әсерін, жарылыс кезінде улы газдардың әсерін, сейсмикалық әсерді нақтылайтын есептеулері көрсетілген мәліметтері бар электрондық құжат;3) жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде:

жер бетінде жарылыс жұмыстарын жүргізу орны, қауіпті аймақ шекарасы, қауіпті аймақты күзету бекеттерін және оның шегіндегі тұрғын және өндірістік ғимараттарды, құрылыстарды, темір жолдарды, автомобиль жолдарын, арналарды, құбырларды, электр беру желілерін қою орындары көрсетілген жергілікті жердің жоспары бар электрондық құжат ұсынылады;

жер асты жағдайларында жарылыс жұмыстарын жүргізу орны, қауіпті аймақ шекарасы, қауіпті аймақты қорғау бекеттерін қою орны көрсетілген тау-кен жұмыстарының жоспары, сондай-ақ шахтаның (кеніштің, геологиялық барлау жұмыстары объектісінің) газ бен шаң бойынша қауіптілігі туралы мәліметтер бар электрондық құжат ұсынылады.

Жарылғыш материалдарды пайдалана отырып сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыс бейіндері мен қауіпті аймақты қорғау схемалары бар электрондық құжат ұсынылады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) Қағиданың 6-тармағында көрсетілген құжаттар толық түрде ұсынылмаған жағдайда;

2) өтініш беруші рұқсат алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;

3) көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 343 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10244 болып тіркелген) Қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған.

10

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;

2) www.​egov.​kz порталында орналастырылған.

Егер негізгі қызмет түрі лицензиялауға жатпайтын болса, онда жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу үшін 3-тармақта көрсетілген лицензияның болуы жеткілікті.

1. Мұнай; газ; газ конденсаты және айдау ұңғымаларында атқылау-жару жұмыстары қызметінің кіші түрінің лицензиясына қосымша ұсыну – мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, көмірсутектер саласындағы магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға арналған лицензия; жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия және оған мына кіші қызмет түрлерін қосымша ұсыну:

1) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өздерінің өндірістік мұқтаждары үшін сатып алу;

2) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау.

2. Пайдалы қазбаларды өндіру үшін жарылыс жұмыстарын жүргізу – қызметтің кіші түріне арналған лицензияға қоса берілген тау-кен және химия өндірістерін пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия және қызметтің кіші түрлеріне арналған лицензияға қоса берілген жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия және оған мына кіші қызмет түрлерін қосымша ұсыну:

1) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өздерінің өндірістік мұқтаждары үшін сатып алу;

2) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау.

3. Қызметтің кіші түрлеріне арналған лицензияға қоса беріле отырып, жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия:

1) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өздерінің өндірістік мұқтаждары үшін сатып алу;

2) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау.

Жарылыс жұмыстарын
жүргізуге рұқсат беру
қағидаларына 3-қосымша
3-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 жылғы № 256 Бұйрығына сәйкес (27.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

[Мемлекеттік органның атауы]

[Наименование государственного органа]


 


 


 

[Мемлекеттік органның деректемелері]


 

[Реквизиты государственного органа]


 


 


 

Нөмірі: [Құжат нөмірі]


 

[Заңды тұлғаның атауы]


 


 


 

Өтініш нөмірі: [Нөмірі]


 

[Заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)]


 


 


 

Берілген күні: [Күні]


 


 

Жарылыс жұмыстарын жүргізуге РҰҚСАТ

[Мемлекеттік органның атауы], «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 75-бабына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қоса беріліп отырған құжаттар тізбесін ескере отырып, __________________________________________________________________________ (жарылыс жұмыстарын жүргізу орнының атауы)

жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат берілді. _______________________________________________________________________мақсатында Жарылыс жұмыстарына басшылық жасау: _________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, жарушының бірыңғай кітапшасының нөмірі, берілген күні) Жарылыс материалдарын сақтау орны: ___________________________________________ (атауы, орналасқан жері) Ерекше шарттар: осы рұқсаттың қолданылу мерзімі – берілген күнінен бастап 1 жыл.

[Қол қоюшының лауазымы]

[Тегі, аты, әкесінің аты

(болған жағдайда), электрондық

цифрлық қолтаңбасы]


 

Жарылыс жұмыстарын
жүргізуге рұқсат беру
қағидаларына 4-қосымша
4-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 жылғы № 256 Бұйрығына сәйкес (27.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

[Мемлекеттік органның атауы]

[Наименование государственного органа]


 


 


 

[Мемлекеттік органның деректемелері]


 

[Реквизиты государственного органа]


 


 


 

Күні: [Берілген күні]


 

[Заңды тұлғаның атауы]


 


 


 

Нөмірі: [Құжат нөмірі]


 

[Заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)]

ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ

[Мемлекеттік органның атауы], Сіздің [Өтініш күні] жылғы № [Өтініштің нөмірі] өтінішіңізді және қоса беріліп отырған құжаттар тізбесін қарап, мынаны хабарлайды:

[Бас тартудың негізі]

[Қол қоюшының лауазымы]

[Тегі, аты, әкесінің аты

(болған жағдайда), электрондық

цифрлық қолтаңбасы]


 

Полная версия
ИС BestProfi