«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 295–бабының 5 және 7–тармақтарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 02.03.2018
Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды кедендік декларациялау мен кедендік тазартудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 ақпанда № 10236 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 2 наурыздан бастап ҚР Қаржы министрінің 26.01.2018 жылғы № 73 Бұйрығына сәйкес
Редакция 29.10.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Белгіленген уақыт кезеңі ішінде өткізілетін жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды декларациялауға аумақтық мемлекеттік кірістер органының рұқсат беру, оны ұзарту, тоқтата тұру немесе кері қайтару қағидалары;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 29.10.2015 жылғы № 551 Бұйрығына сәйкес (08.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2) осы бұйрыққа 2–қосымшаға сәйкес Белгіленген уақыт кезеңі ішінде өткізілетін жиналмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды кедендік декларациялау және кедендік тазарту қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин):
1) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет–ресурсында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығына 1–қосымша
Белгіленген уақыт кезеңі ішінде өткізілетін жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды декларациялауға аумақтық мемлекеттік кірістер органының рұқсат беру, оны ұзарту, тоқтата тұру немесе кері қайтару қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 295–бабының 5–тармағына сәйкес әзірленді және Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы (бұдан әрі – ЕЭО СЭҚ ТН) бойынша бір сыныптама кодын көрсете отырып, белгіленген уақыт кезеңі ішінде өткізілетін жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды кедендік декларациялауға мемлекеттік кірістер органының рұқсат беру (бұдан әрі – рұқсат), оны ұзарту, тоқтата тұру немесе кері қайтару тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 29.10.2015 жылғы № 551 Бұйрығына сәйкес (08.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауар (бұдан әрі – машина) деп кез келген тауарлар (тауарлар құрамасын қоса алғанда) жабдық, механизмдер, қондырғылар, аппараттар немесе ЕЭО СЭҚ ТН бойынша 84, 85 немесе 90-тауар топтарында сыныпталатын өзге қондырғылар түсініледі.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 29.10.2015 жылғы № 551 Бұйрығына сәйкес (08.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
3. Рұқсатты аумақтық мемлекеттік кірістер органы (облыстар бойынша, республикалық маңызы бар қалалар, астана) және кеден (бұдан әрі – аумақтық мемлекеттік кірістер органы) декларанттың дәлелді жазбаша өтінішінің негізінде тауарға арналған бірінші декларацияны (бұдан әрі – декларация) бергенге дейін береді.
2. Аумақтық мемлекеттік кірістер органының рұқсатты беру тәртібі
4. Рұқсатты алу үшін декларант аумақтық мемлекеттік кірістер органына еркін нысанда жазбаша өтініш береді, онда мынадай мәліметтер көрсетіледі:
Полная версия