«Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік органының үлгі регламентін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 наурыздағы № 289 қаулысының 2-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) оған жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау қызметін тиімді ұйымдастыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2014 жылғы 29 тамыздағы № 900 Жарлығымен бекітілген Агенттік туралы ереженің 20-тармағы 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 26.06.2017
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұмыс регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 8 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет мнистрлігінде 2015 жылы 11 ақпанда № 10228 тіркелді
Осы Бұйрықтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 08.10.2015 жылғы № 297 Бұйрығына сәйкес Осы Бұйрық күшін жойды 2017 жылғы 26 маусымнан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 23.05.2017 жылғы № 109 Бұйрығына сәйкес «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұмыс регламентін бекіту туралы» ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 28.11.2016 жылғы № 72 Бұйрығын қараңыз
2. Агенттіктің Сотқа дейінгі тергеу департаменті Ұйымдастыру-бақылау басқармасы Агенттіктің Әкімшілік жұмыс департаменті Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық басқармасымен бірлесе отырып, осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің Аппарат басшысы А.А. Шайымоваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға Қ. Қожамжаров
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұмыс РЕГЛАМЕНТІ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Регламент Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) оған жүктелген функцияларды орындау процесіндегі қызметінің ішкі тәртібін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес айқындайды.
2. Агенттік Төрағасы Агенттікке жалпы басшылықты жүзеге асырады.
Агенттік Төрағасы Төрағаның орынбасарларының, Аппарат басшысының, Агенттіктің Департаменттері мен дербес басқармалары басшыларының лауазымдық міндеттерін белгілейді.
Агенттік Төрағасы Агенттіктің және аумақтық бөлімшелердің барлық жұмыскерлері орындауға міндетті ұйымдастырушылық-өкімдік актілерді шығарады.
Агенттік Төрағасы болмаған жағдайда оның міндеттерін Төраға белгілейтін оның орынбасарларының бірі атқарады.
Төрағаның орынбасарлары белгіленген міндеттерін бөлуге сәйкес жетекшілік ететін құрылымдық және аумақтық бөлімшелердің жұмысын бағыттайды және бақылайды, ұйымдастыру, сондай-ақ олардың жүргізуіне жататын мәселелер бойынша заңмен берілген өкілеттіктері шегінде процессуалдық және өзге де шешімдерді қабылдайды.
3. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары қызметінің стратегиялық бағыттарын әзірлеу бойынша Агенттіктің Департаменттері мен дербес басқармаларының(бұдан әрі – Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері) қызметтерін үйлестіруді Агенттіктің Әкімшілік жұмыс департаментінің (бұдан әрі – ӘЖД) Жоспарлау және қаржы-шаруашылық жұмыс басқармасы (бұдан әрі - ЖжҚШЖБ) жүзеге асырады.
Агенттіктің қызметі жариялылық жағдайларында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау туралы, мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпиялар туралыҚазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келмейтін деңгейде жүзеге асырылады.
Агенттіктің бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланатын ресми хабарламасына арналған материалдар, анықтамалар, заңдылықтың және құқықтық тәртіптің жай-күйі туралы қорытулар Агенттік Төрағасының орынбасарларымен келісілгеннен кейін Агенттіктің Баспасөз қызметіне беріледі. Осы материалдардағы мәліметтерді дайындаған құрылымдық бөлімшелердің басшылары олардың дұрыстығы мен толықтығына жауапты болады.
Жариялауға арналған материалдарды ұсыну тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасасу нысандары Агенттік Төрағасының тиісті актілерімен (құжаттарымен) белгіленеді.
Полная версия