Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.10.2020
Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 128 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 сәуірде № 10634 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 31 қазаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 15.10.2020 жылғы № ҚР ДСМ-131/2020 Бұйрығына сәйкес  
Редакция 06.11.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 155-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. М. Құсайынов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
___________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 5 наурыз
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
 2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 128 бұйрығымен бекітілген
Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 жылғы № ҚР ДСМ-9 Бұйрығына сәйкес (23.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
         1. Осы Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) міндетті медициналық қарап тексеруді өткізудің тәртібі мен кезеңділігін айқындайды. Осы Қағидаларды жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ ведомстволық қатыстылығына және меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау субъектілерінің орындауы міндетті.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылды:
1) алдын ала медициналық тексеріп-қараулар – жұмысқа тұру немесе оқуға түсу алдында кәсіп немесе оқу бойынша міндеттерін орындауға жарамдылығын анықтау, сондай-ақ жалпы және кәсіптік аурулардың алдын алу мақсатында жүргізілетін міндетті медициналық тексеріп-қараулар;
2) мерзімдік медициналық тексеріп-қараулар –денсаулық жағдайына динамикалық қадағалауды қамтамасыз ету, аурулардың бастапқы белгілерін уақтылы анықтау, жалпы, кәсіптік, инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпауды қамтамасыз ету мақсатында жүргізілеін міндетті медициналық тексеріп-қараулар;
3) халықтың декреттелген тобы – айналасындағыларға инфекциялық және паразиттік ауруларды жұқтыруы үшін барынша қауіп төндіретін қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін адамдар;
Полная версия
ИС BestProfi