Ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 112 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 мамырда № 10967 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 24.06.2024 жылғы № 265-НҚ Бұйрығына сәйкес (19.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 21-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚРМәдениет және спорт министрінің м.а. 19.12.2022 жылғы № 369 Бұйрығына сәйкес (10.11.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 24.06.2024 жылғы № 265-НҚ Бұйрығына сәйкес (19.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күннің ішінде мерзімді баспа басылымында және «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесінде ресми жариялануға жолдануын;
4) осы тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді осы іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Мәдениет және спорт министрінің 10.11.2017 жылғы № 300 Бұйрығымен (27.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.12.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 19.12.2022 жылғы № 369 Бұйрығымен (10.11.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 24.06.2024 жылғы № 265-НҚ Бұйрығына сәйкес (19.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім) қалыптастыру және жүргізу тәртібін анықтайды.
4. Мемлекеттік тізілімді мәдениет саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – Уәкілетті орган) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде, қағаз және электрондық жеткізгіштерде жүргізеді.
5. Мемлекеттік тізілімге осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәдени құндылықтарды зерделеумен айналысатын жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен ҰМИО туралы мәліметтер енгізіледі.
6. Мәдени құндылықтарды зерделеумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар жаңа объектілер мен ҰМИО заттарының анықталуына қарай қажетті мәліметтері бар ақпаратты уәкілетті органға береді.
7. Мемлекеттік тізілімді қалыптастыру үшін уәкілетті орган өтінімдерді қабылдау басталғанға дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын өзінің Интернет-ресурсында тиісті ақпаратты жариялайды.
10. Мәдени құндылықтарды зерделеумен айналысатын жеке және заңды тұлғалардан осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген ҰМИО туралы құжаттар топтамасы не (немесе) мәліметтер толық келіп түспеген жағдайда, уәкілетті орган талаптарға сәйкессіздікті анықтаған кезден бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды.
11. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган талаптарға сәйкестігін айқындаған кезден бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ҰМИО туралы құжаттар топтамасын не (немесе) мәліметтерді ұсынымдар алу үшін уәкілетті орган жанынан құрылған тұрақты жұмыс істейтін Мәдениет мәселелері жөніндегі комиссияның мүшелеріне (бұдан әрі – Комиссия) жібереді.
12. Комиссия ҰМИО-де ел тарихы мен мәдениеті үшін ерекше мәнінің болуы немесе болмауы туралы ұсынымдық сипатта шешімдер қабылдайды, оны хаттамамен ресімдейді.
14. Уәкілетті орган шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мәдени құндылықтарды зерделеумен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға қабылданған шешім туралы хабарлайды.