Близость слов: Окончание:





Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 6 ақпандағы № 115 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 18 наурызда № 10486 тіркелді
Редакция 28.06.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасы әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 54-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.05.2020 жылғы № 289 Бұйрығына сәйкес (31.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 29.11.2024 жылғы № 391 Бұйрығына сәйкес (17.01.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін бұқаралық ақпарат құралдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының 2015 жылғы
6 ақпандағы № 115
бұйрығымен бекітілген
Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 05.07.2017 жылғы № 446 Бұйрығымен (06.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 жылғы № 28 Бұйрығымен (05.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 19.12.2018 жылғы № 891 Бұйрығымен (12.01.2018 жылғы редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 жылғы № 593 Бұйрығына сәйкес (19.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.05.2020 жылғы № 289 Бұйрығымен (31.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.04.2022 жылғы  178 Бұйрығымен (14.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.06.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.02.2023 жылғы № 80 Бұйрығымен (04.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.03.2023 жылғы № 194 Бұйрығымен (өзгерту 16.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Көлік министрінің 17.01.2024 жылғы № 30 Бұйрығымен (30.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 29.11.2024 жылғы № 391 Бұйрығына сәйкес (17.01.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 14-бабының 1-тармағының 41-26) тармақшасына (бұдан әрі – Заң), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру және «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) көрсету тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) азаматтық авиацияның авиация персоналының кәсіптік даярлауы (бұдан әрі – кәсіптік даярлау) бастапқы даярлау, қайта даярлау, кәсіптік деңгейін қолдау;
2) азаматтық авиация саласындағы төлемдер – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым көрсететін қызметтер үшін жеке және заңды тұлғалардың төлемі, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бюджетіне ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тұрақты қадағалауды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың міндетті аударымы;
3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;
Полная версия
ИС BestProfi