Судың бастапқы есебінің қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 19/1-274 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 мамырда № 11131 тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 10 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің 04.06.2025 жылғы № 109-НҚ Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-бабы 1-тармағының 7-8) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 30.01.2025 жылғы № 21-НҚ Бұйрығына сәйкес (27.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.02.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
___________ Ә. Исекешев
2015 жылғы 21 сәуір
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
___________ В. Школьник
2015 жылғы 8 сәуір
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздығы
№ 19/1-274 бұйрығымен
бекітілген
Қағидалардың жоғары оң жақтағы бұрышындағы сөздер жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.04.2016 жылғы № 192 Бұйрығына сәйкес (30.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.12.2018 жылғы № 543 Бұйрығына сәйкес (11.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 31.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Судың бастапқы есебінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес әзірленді және судың бастапқы есебінің тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 30.01.2025 жылғы № 21-НҚ Бұйрығына сәйкес (27.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.02.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.04.2017 жылғы № 161 Бұйрығына сәйкес (28.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) судың бастапқы есебі (бұдан әрі – СБЕ) – арнайы су пайдалануға рұқсаты бар су пайдаланушылар жүзеге асыратын жер үсті және жер асты суларын алу және (немесе) оларды тастау (су шаруашылығы теңгерімінің шығыс және кіріс бөлігінде) көлемдерін өлшеу, өңдеу және тіркеу;
3) өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімі – объектілердің, жұмысқа қатысушылардың және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы құжаттардың тіркелуін есепке алу құжаты.