Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.04.2019
Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 35 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 ақпанда № 10314 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 1 сәуірден бастап ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 26.12.2019 жылғы № 1424 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 21.10.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
2015 жылғы 19 қаңтардағы
 № 35 бұйрығымен
 бекітілген
Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу мен пайдалану қағидалары
1. Осы Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 4-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Қағидалар жеке және заңды тұлғалардың этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін сату (жіберу), өткізу, қайтару, тасымалдау, сондай-ақ импорттау бойынша операцияларды жүргізу кезінде ілеспе жүкқұжаттарын (бұдан әрі – ІЖҚ) ресімдеу және пайдалану тәртібін айқындайды.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 24.12.2015 жылғы № 682 Бұйрығына сәйкес (19.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
Қағидаларда этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін сату (жіберу), өткізу, қайтару, тасымалдау бойынша операцияларын жүзеге асыратын тұлға жеткізуші болып табылады (бұдан әрі – жеткізуші).
Этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін сату (жіберу), өткізу, қайтару, тасымалдау, сондай-ақ импорттау бойынша операцияларды жеткізуші жүргізген кезде этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін алу бойынша операцияларды жүзеге асыратын тұлға алушы болып табылады (бұдан әрі – алушы).
3. Этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін сату (жіберу), өткізу, қайтару, тасымалдау бойынша операцияларды жүргізген кезде жеткізушілер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ІЖҚ ресімдейді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 24.12.2015 жылғы № 682 Бұйрығына сәйкес (19.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
Этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің Қазақстан Республикасының аумағына импорты кезінде ІЖҚ-ны алушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ресімдейді:
Еуразиялық экономикалық одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттер аумағынан - Еуразиялық экономикалық одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес тауарлар шығарылған күннен кейінгі күннен кешіктірмей;
Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттер аумағынан - Қазақстан Республикасының аумағына әкелу күнінен кешіктірмей.
4. Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және айналымын реттеуді этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және айналым саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган іске асырады (бұдан әрі – уәкілетті орган).
2. Ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу мен пайдалану
5. ІЖҚ этил спирті және (немесе) алкоголь өнімін жеткізуші Интернет-ресурс («Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасы) (бұдан әрі – бағдарлама) арқылы мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде электрондық түрде ресімделеді.
Бағдарлама уәкілетті органның Интернет-ресурсында (web-порталында) орналастырылады және салық төлеушілердің пайдалануы үшін қол жетімді болып табылады.
6. ІЖҚ-да мынадай деректер көрсетіледі:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 24.12.2015 жылғы № 682 Бұйрығына сәйкес (19.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 07.10.2019 жылғы № 1100 Бұйрығына сәйкес (24.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 21.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) нөмір (бағдарлама автоматты түрде береді);
2) ресімдеу күні және уақыты (бағдарлама автоматты түрде қояды);
3) операция коды (бағдарламаның анықтамалығынан таңдап алынады);
4) жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) (жеткізуші енгізеді, ал импорт кезінде енгізілмейді);
5) жеткізушінің атауы (осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген деректерді енгізу кезінде бағдарлама автоматты түрде қояды, ал импорт кезінде - алушы енгізеді);
6) лицензияның нөмірі және жеткізушінің лицензияда көрсетілген мекенжайы (осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген деректерді енгізу кезінде қалыптастырылған тізімнен таңдап алынады). Этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің импорт кезінде импортаушы-ел көрсетіледі (бағдарлама көрсеткен тізімнен таңдап алынады);
7) жеткізушінің типі (бағдарлама көрсеткен тізімнен таңдап алынады);
8) алушының ЖСН немесе БСН жеткізуші енгізеді (импорт кезінде алушы енгізеді);
9) алушының атауы (осы тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген деректерді енгізу кезінде бағдарлама автоматты түрде қояды, экспорт кезінде жеткізуші енгізеді);
10) лицензия нөмірі және лицензияда көрсетілген алушының мекенжайы (этил спиртін медициналық мақсаттарға және техникалық мұқтаждықтарға алған алушыны қоспағанда, осы тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген деректерді енгізу кезінде қалыптастырылған тізімнен таңдап алынады, экспорт кезінде жеткізуші енгізеді);
11) көліктің түрі (бағдарлама көрсеткен тізімнен таңдап алынады);
12) көлік құралы туралы мәліметті (автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде) көлік құралының маркасы, мемлекеттік нөмірі) жеткізуші енгізеді. Басқа көліктің түрлері үшін бұл ашық жолды толтыру міндетті болып табылмайды;
13) іске асырылатын (тиеп-жөнелтілетін) этил спиртінің көлемі (литрмен көрсетіледі), бұл ретте іске асырылатын (тиеп-жөнелтілетін) спирттің көлемі тиісті ұяшықта көрсетіледі:
14) іске асырылатын (тиеп-жөнелтілетін) этил спиртінің жалпы құны (теңгемен көрсетіледі), импорт кезінде баға шот-фактура (инвойс) бойынша көрсетіледі, олар болмаған кезде сыртқы экономикалық мәміленің жасалғанын растайтын құжатқа. Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгіленген қосылған құн салығын (бұдан әрі - ҚҚС) және (немесе) акциздерді төлеушілері үшін құн, ҚҚС және (немесе) акциздерді есепке ала отырып көрсетіледі. Аталған тармақша этил спиртін бір заңды тұлғаның (дара кәсіпкердің) және оның құрылымдық бөлімшелерінің ішінде өткізу кезінде толтырылмайды;
15) іске асырылатын (тиеп-жөнелтілетін) шарап материалының көлемі (литрмен көрсетіледі), бұл ретте тиеп жөнелтілетін шарап материалының көлемі тиісті ұяшықта көрсетіледі:
16) іске асырылатын (тиеп-жөнелтілетін) шарап материалының жалпы құны (теңгемен көрсетіледі), импорт кезінде баға шот-фактура (инвойс) бойынша көрсетіледі, олар болмаған кезде сыртқы экономикалық мәміленің жасалғанын растайтын құжатқа. Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгіленген қосылған құн салығын (бұдан әрі - ҚҚС) және (немесе) акциздерді төлеушілері үшін құн, ҚҚС және (немесе) акциздерді есепке ала отырып көрсетіледі. Аталған тармақша шарап материалын бір заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің) және оның құрылымдық бөлімшелерінің ішінде өткізу кезінде толтырылмайды;
17) іске асырылатын (тиеп-жөнелтілетін) алкоголь өнімінің (сыраны және сыра сусынын қоспағанда) жалпы көлемі, осы тармақтың 27) тармақшасында көрсетілген алкоголь өнімінің көлемін қосу жолымен бағдарлама автоматты түрде литрмен қойылады;
18) іске асырылатын (тиеп-жөнелтілетін) алкоголь өнімдерінің (сыраны және сыра сусынын қоспағанда) жалпы құны (теңгемен көрсетіледі, осы тармақтың 26) тармақшасында көрсетілген деректерді қосу жолымен бағдарлама автоматты түрде қояды);
20) алкоголь өнімінің жеке сәйкестендіру нөмірі - коды (бұдан әрі - ЖСК) (бағдарламаның ЖСК-кодтарының анықтамалығынан таңдап алынады);
21) өнімнің түрі (ЖСК-кодын енгізу кезінде бағдарлама автоматты түрде қояды);
22) өнімнің атауы (ЖСК-кодын енгізу кезінде бағдарлама автоматты түрде қояды;
23) ыдыстың сыйымдылығы (ЖСК-кодын енгізу кезінде бағдарлама автоматты түрде қояды);
24) бөтелкенің санын жеткізуші енгізеді (импорт кезінде алушы енгізеді);
25) бір бөтелкенің бағасын (теңгемен көрсетіледі) жеткізуші енгізеді (импорт кезінде баға шот-фактура (инвойс) бойынша көрсетіледі, олар болмаған кезде сыртқы экономикалық мәміленің жасалғанын растайтын құжатқа, алушы енгізеді). Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгіленген қосылған құн салығын (бұдан әрі - ҚҚС) және (немесе) акциздерді төлеушілері үшін баға, ҚҚС және (немесе) акциздерді есепке ала отырып көрсетіледі. Аталған тармақша алкоголь өнімін (сыраны және сыра сусынын қоспағанда) бір заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің) және оның құрылымдық бөлімшелерінің ішінде өткізу кезінде толтырылмайды;
26) құны (теңгемен көрсетіледі, осы тармақтың 24) және 25) тармақшаларында көрсетілген деректерді көбейту жолымен бағдарлама автоматты түрде қояды);
27) іске асырылатын (тиеп-жөнелтілетін) алкоголь өнімінің көлемі (осы тармақтың 23) және 24) тармақшаларында көрсетілген деректерді көбейту жолымен бағдарлама автоматты түрде литрмен қояды);
28) жеткізуші жазып берген ІЖҚ нөмірі (ал импорт кезінде алушы жазып берген) (алкоголь өнімін немесе оның бөлшектерін қайтару кезінде қажеттілік болған жағдайда толтырылады;
29) іске асырылатын (тиеп-жөнелтілетін) сыраның және сыра сусынының жалпы көлемі (осы тармақтың 37) тармақшасында көрсетілген сыра және сыра сусынының көлемін қосу жолымен бағдарлама автоматты түрде литрмен көрсетеді);
30) іске асырылатын (тиеп-жөнелтілетін) сыраның және сыра сусынының жалпы құны (теңгемен көрсетіледі, осы тармақтың 36) тармақшасында көрсетілген деректерді қосу жолымен бағдарлама автоматты түрде қояды);
32) сыраның және сыра сусынының атауын жеткізуші енгізеді (импорт кезінде алушы енгізеді);
33) сыраға және сыра сусынына арналған ыдыстың сыйымдылығын (литрмен көрсетеді) жеткізуші енгізеді (импорт кезінде алушы енгізеді);
34) сыраға және сыра сусынына арналған ыдыстың, бөтелкенің, банканың, кег-бөшкенің санын жеткізуші енгізеді (импорт кезінде алушы енгізеді);
35) сыраға және сыра сусынына арналған бір ыдыстың, бөтелкенің, банканың, кег-бөшкенің бағасын (теңгемен көрсетіледі) жеткізуші енгізеді (импорт кезінде баға шот-фактура (инвойс) бойынша көрсетіледі, олар болмаған кезде сыртқы экономикалық мәміленің жасалғанын растайтын құжатқа, алушы енгізеді). Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгіленген қосылған құн салығын (бұдан әрі - ҚҚС) және (немесе) акциздерді төлеушілері үшін баға, ҚҚС және (немесе) акциздерді есепке ала отырып көрсетіледі. Аталған тармақша алкоголь өнімін (сыраны және сыра сусынын қоспағанда) бір заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің) және оның құрылымдық бөлімшелерінің ішінде өткізу кезінде толтырылмайды;
36) құны (теңгемен көрсетіледі, осы тармақтың 34) және 35) тармақшаларында көрсетілген деректерді көбейту жолымен бағдарлама автоматты түрде қояды;
37) іске асырылатын (тиеп-жөнелтілетін) сыраның және сыра сусынының көлемі (осы тармақтың 33) және 34) тармақшаларында көрсетілген деректерді көбейту жолымен бағдарлама автоматты түрде литрде қояды);
38) жеткізуші жазып берген ІЖҚ нөмірі (импорт кезінде алушы жазып берген) (сыраны және сыра сусынын немесе оның бөлшектерін қайтару кезінде қажеттілік болған жағдайда толтырылады);
39) дара кәсіпкердің немесе заңды тұлға басшысының тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) жеткізуші толтырады (импорт кезінде алушы толтырады);
40) алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде).
7. ІЖҚ, уәкілетті органының бағдарламасына жөнелтілгеннен кейін, қағаз тасымалдағышында екі данада басып шығарылады, жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлға басшысының қолы қойылады.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 24.12.2015 жылғы № 682 Бұйрығына сәйкес (19.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 07.10.2019 жылғы № 1100 Бұйрығына сәйкес (24.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 21.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің импорты кезінде ІЖҚ қағаз тасымалдағышында бір данада басып шығарылады.
8. Межелі орнына дейін тасымалдау кезінде этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін алып жүру үшін ІЖҚ қағаз тасымалдағышында екі данада тасымалдаушыға (алушының өкіліне) беріледі. ІЖҚ бірінші данасы алышуға тапсырылады, екінші данасына алушы этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін іс жүзінде алған күнін көрсете отырып қол қояды және ІЖҚ тасымалдаушыға (алушының өкілі) қайтарады.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 24.12.2015 жылғы № 682 Бұйрығына сәйкес (19.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
Этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің импорты кезінде алушы этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін іс жүзінде алған күнін көрсете отырып қол қояды.
9. ІЖҚ екінші данасы этил спиртінің және алкоголь өнімінің жеткізушісінде сақталады (импорт кезінде ІЖҚ алушыда сақталады).
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 24.12.2015 жылғы № 682 Бұйрығына сәйкес (19.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
10. ІЖҚ Бағдарламада ІЖҚ алуды дәлелдеу жолымен электрондық түрде алушылар тапсырады.
Этил спирті және (немесе) алкоголь өнімін алушылар (медициналық және техникалық мақсаттарға этил спиртін алушылардан және этил спирті және (немесе) алкоголь өнімін экспорттаған кезден басқа) тауарды алғаннан кейін жеткізуші ІЖҚ ресімдеу мерзімінен бастап жиырма бес күнтізбелік күн ішінде ІЖҚ алуды электрондық түрде растайды немесе растамайды.
11. ІЖҚ-н алуды растаудың немесе растамаудың мерзімінің бұзылуы кезінде осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес бағдарламада автоматты түрде хабарламама құрастырылады.
Бағдарламадағы хабарламамен танысқаннан кейін алушылар ІЖҚ-н алуды растайды немесе растамайды.
12. Осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген толық емес (және) дәйексіз мәліметтермен ІЖҚ ресімдеу, осындау ІЖҚ ресімдеу күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде жеткізуші (импорт кезінде - алушы) жойылуы тиіс.
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 24.12.2015 жылғы № 682 Бұйрығына сәйкес (19.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
13. ІЖҚ жою жағдайында қажет болғанда жаңадан ІЖҚ шығарылады.
14. ІЖҚ есебі ІЖҚ бағдарламасын тіркеу журналында осы Қағидаларға 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.
15. Қағаз жүзіндегі ІЖҚ жеткізушіде және алушыда бес жыл ішінде сақталынады.
Этил спиртіне және (немесе)
 алкоголь өніміне ілеспе
 жүкқұжаттарды ресімдеу мен
 пайдалану қағидаларына
 1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 24.12.2015 жылғы № 682 Бұйрығына сәйкес (19.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 07.10.2019 жылғы № 1100 Бұйрығына сәйкес (24.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 21.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

(1) Ілеспе жүкқұжаты №

(2) Рәсімделген күні және уақыты: «___» _______________ 20__ г. (3) Операция коды ______

___ сағ. ___ мин.

(4) Жеткізушінің Жеке сәйкестендіру нөмірі (Бизнес сәйкестендіру нөмірі) _______________________

(5) Жеткізушінің атауы

_______________________

(6) Лицензия нөмірі және лицензияда көрсетілген жеткізушінің мекен жайы (импорттау кезінде импортаушы – ел көрсетіледі) _______________________

(7) Жеткізуші түрі _______________________

(8) Алушының Жеке сәйкестендіру нөмірі (Бизнес сәйкестендіру нөмірі) _______________________

(9) Алушының атауы

_______________________

(10) Лицензия нөмірі және лицензияда көрсетілген алушының мекен жайы

_______________________

(11) Көлік түрі: □ Авто □ ТЖ □ Әуе □ Теңіз немесе ішкі сумен □ Басқа

________________________________________________________________

(12) Көлік құралы туралы мәліметтер

(13) Сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) этил спиртінің көлемі: _________________ (литр), оның ішінде:

Алкоголь өнімдерін өндіруге: _________________ (литр)

Медициналық мақсатта: _________________ (литр)

Техникалық мақсатта: _________________ (литр)

(14) Сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) этил спиртінің жалпы құны: _________________ (теңге)

(15) Сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) шарап материалының көлемі: _________________ (литр), оның ішінде:

Алкоголь өнімдерді өндіру үшін: _________________ (литр)

Коньяк спиртін өндіру үшін: _________________ (литр)

(16) Сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) шарап материалының жалпы құны: _________________ (теңге)

17) Сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) алкоголь өнімнің (сыраны және сыра сусыны қоспағанда) жалпы көлемі ___________ (литр)

(18) Сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) алкоголь өнімнің (сыраны және сыра сусыны қоспағанда) жалпы құны ____________ (теңге)

ДСН-код

Өнімнің түрі

Өнімнің атауы

Ыдыстың сыйымдылығы (литр)

Шөлмектердің саны

Бағасы

Құны

Литр

Жеткізуші жазып беретін ІЖҚ нөмірі (қажет болған кезде, алкоголь өнімдер немесе оның бөлігі қайтарылған жағдайда)

(19)

(20)

(21)

(22)

(23)

(24)

(25)

(26)

(27)

(28)

Барлығы: ____________ жол

(29) Сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) сыраның және сыра сусының жалпы көлемі ____________ (литр)

(30) Сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) сыраның және сыра сусының жалпы құны ____________ (теңге)

Сыраның және сыра сусының атауы

Ыдыстың сыйымдылығы (литр)

Ыдыстардың, шөлмектердің, құтылардың, кега-бөшкелердің саны

Бағасы

Құны

Литр

Жеткізуші жазып берген ІЖҚ нөмірі (сыра және сыра сусыны қайтарылған жағдайда)

(31)

(32)

(33)

(34)

(35)

(36)

(37)

(38)

Барлығы: _____ жол

(39) жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса): _______________________ ___________________ (қолы)

(40) Алушының тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса): _______________________ ___________________ (қолы)

Алу күні (к.а.ж.) ___________________

Этил спиртіне және (немесе) алкоголь
өніміне ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу
мен пайдалану қағидаларына 2-қосымша
Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжат алғанын растамау туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы «___» ________ № ____ бұйрығымен бекітілген, Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидаларының 11-тармағына сәйкес, Сізді

____________________________________________________________________

(салық төлеушінің аты-жөні немесе атауы)

ЖСН (БСН) __________________________________________________________

____________________________________________________________________

(нөмірі және табыс етудің кезеңі)

этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттардың алынғанының расталмағаны туралы хабардар етеді.

Осыған байланысты Сіз тіркеу жеріңіздегі салық органына 5 жұмыс күні ішінде түсініктеме беру үшін келуіңіз қажет.

Этил спиртіне және (немесе) алкоголь
өніміне ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу
мен пайдалану қағидаларына 3-қосымша

ІЖҚ-ның күні

__ ж. __ ___ бастап __ ж. __ _______

дейін

________________________________

Жеткізушінің ЖСН-і (БСН)

________________________________

ІЖҚ-ның нөмірі:

ІЖҚ-ты растау/растамау

__ ж. __ ___ бастап __ ж. __ ________ дейін

___________________________________

Алушының ЖСН-і (БСН)

ІЖҚ мәртебесі:

Алғашқы түрі Жойылды

Жіберілді Расталды

Алынды Расталмады


 

ІЖҚ-ның күні

ІЖҚ-ның нөмірі

Жеткізушінің ЖСН-і (БСН)

Алушының ЖСН-і (БСН)

Алушының мекенжайы

ІЖҚ-ы растау/қайтару күні

Өткен күндердің саны

Мәртебесі

Іс-қимылдар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10




 




 




 




 




 




 




 




 




 




 


 

Көрсетілетін жолдардың саны: ____ барлығы ____

Полная версия
ИС BestProfi