Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.11.2020
Клиникалық базалардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 51 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10852 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 29 қарашадан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.11.2020 жылғы № ҚР ДСМ-190/2020 Бұйрығына сәйкес 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 78) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған клиникалық базалардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі Б. Имашев
_________________
2015 жылғы 17 сәуір

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі Е. Досаев
_________________
2015 жылғы 2 сәуір
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
 2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 51 бұйрығымен бекітілген
         1. «С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының клиникалық базалары:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
3) «Академик Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы» акционерлік қоғамы;
4) «Құрмет Белгісі» орденді Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамы;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
Полная версия
ИС BestProfi