«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 31) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Аспаптармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 204 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 сәуірде № 10789 тіркелді
1. Қоса беріліп отырған Аспаптармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс–шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі В. Школьник
«КЕЛІСІЛДІ»: Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы ____________ А. Жұмағалиев 2015 жылғы 19 наурыз
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 204 бұйрығымен бекітілген
Аспаптармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Аспаптармен және құрылғылармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 5-бабының 31) тармақшасына сәйкес әзірленді және аспаптармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) арнайы дайындалған персонал – белгілі бір жабдыққа қызмет көрсету бойынша оқудан өткен персонал;
2) аспап – электрлендірілген қол аспабы, қауіпсіздікті төмендететін трансформаторлар мен алып жүретін электр қол шамдары;
3) жерге қосу – жерге қосу құрылғылары бар электр қондырғылары немесе жабдықтары желілерінің қандай да бір нүктелерін әдейі электрлі жалғау;
Полная версия