Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 02.07.2015
Аспаптармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 маусымдағы № 765 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 2 шілдеден бастап ҚР Үкіметінің 23.06.2015 жылғы № 475 Қаулысына сәйкес
«Аспаптармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 16.03.2015 жылғы № 204 бұйрығын қараңыз
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 28) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Аспаптармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 8 маусымдағы
 № 765 қаулысымен
 бекітілген
Аспаптармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары
1. Осы Аспаптармен және құрылғылармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 28) тармақшасына сәйкес әзірленді және аспаптармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) арнайы дайындалған персонал – белгілі бір жабдыққа қызмет көрсету бойынша оқытылған персонал;
2) аспап – электрлендірілген қол аспабы, қауіпсіздікті төмендететін трансформаторлар мен алып жүретін электр қол шамдары;
3) жерге қосу – жерге қосу құрылғылары бар электр қондырғылары немесе жабдықтары желілерінің қандай да бір нүктелерін әдейі электрлі жалғау;
4) жоғары өрмелеу жұмыстары – жерді ң, аралық жабынның немесе жұмыс төсемі бетінен 5 м астам биіктікте орындалатын жұмыстар, олардың бетінде монтаждау немесе жөндеу кезінде тікелей конструкциялармен немесе жабдықтармен жұмыстар жүргізіледі;
5) қауіпсіз аса төмен кернеу – өткізгіштер мен жердің арасындағы 42 Вольттан (бұдан әрі – В) аспайтын номиналды кернеу;
6) аспаптық үй-жай – аспаптар мен құрылғыларды сақтауға арналған үй-жай;
7) құрылғылар – монтерлік жүк көтергіштер, имек темірлер, қадауыл істіктер мен өрмеліктер;
8) I сыныпты электр аспабы – кернеуде болатын барлық бөлшектерінің оқшаулығышы бар және штепсель айыры бөлшектерінің жерге қосу байланысы бар аспап;
9) II сыныпты электр аспабы – кернеуде болатын барлық бөлшектерінің қосарлы немесе күшейтілген оқшаулауғышы бар және жерге қосу байланысы жоқ аспап.
I және II сыныпты электр аспабының номиналды кернеуі тұрақты ток үшін 220 В артық емес, ал ауыспалы ток үшін 380В құрайды.
Полная версия
ИС BestProfi