«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 60) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 24.05.2016
Энергетика ұйымдарының басшылары мен мамандарын аттестаттаудан өткізу әдістемесін, қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 184 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 сәуірде № 10829 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 жылғы № 216 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Энергетика ұйымдарының басшылары мен мамандарын аттестаттаудан өткізу әдістемесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Энергетика ұйымдарының басшылары мен мамандарын аттестаттаудан өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. «Энергетикалық ұйым басшылары мен мамандарын аттестаттаудан өткізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2013 жылғы 28 ақпандағы № 51 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8389 тіркелді, «Егемен Қазақстан» 2013 жылғы 19 қазандағы № 235 (28174) газетінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі В. Школьник
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі ____________ Ә. Исекешев 2015 жылғы 31 наурыз «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ____________ Е. Досаев 2015 жылғы 19 наурыз
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 184 бұйрығына 1-қосымша
Энергетика ұйымдарының басшылары мен мамандарын аттестаттаудан өткізу әдістемесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Энергетика ұйымдарының басшылары мен мамандарын аттестаттаудан өткізу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 60) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және энергетика ұйымдарының басшылары мен мамандарын аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыру үшін арналған.
2. Энергетика ұйымдарының басшылары мен мамандарын аттестаттаудан өткізу кезінде атқаратын лауазымының аясында кәсiби және бiлiктiлiк дайындығының деңгейi анықталады.
Полная версия

