Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.12.2020
АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасының азаматтарын, оралмандарды, шетел азаматтары мен Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қарау және консультация беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 246 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 мамырда № 11145 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.05.2019 жылғы № ҚР ДСМ-62 Бұйрығына сәйкес (22.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 15 желтоқсаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25.11.2020 жылғы № ҚР ДСМ-204/2020 Бұйрығына сәйкес
Редакция 03.06.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 115-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасының азаматтарын, оралмандарды, шетел азаматтары мен Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қарау және консультация беру қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.05.2019 жылғы № ҚР ДСМ-62 Бұйрығына сәйкес (22.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Дүйсенова
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау және
 әлеуметтік даму министрінің
 2015 жылғы 22 сәуірдегі
 № 246 бұйрығымен
 бекітілген
Осы АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасының азаматтарын, оралмандарды, шетел азаматтары мен Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қарау және консультация беру қағидалары
Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.05.2019 жылғы № ҚР ДСМ-62 Бұйрығына сәйкес (22.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.05.2019 жылғы № ҚР ДСМ-62 Бұйрығына сәйкес (22.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасының азаматтарын, оралмандарды, шетел азаматтары мен Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қарау және консультация беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасының азаматтарын, оралмандарды, шетел азаматтары мен Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қарау және консультация беруді жүргізу тәртібін анықтайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.05.2019 жылғы № ҚР ДСМ-62 Бұйрығына сәйкес (22.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қағидаларда мына ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.05.2019 жылғы № ҚР ДСМ-62 Бұйрығына сәйкес (22.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) АИТВ - адамның иммун тапшылығы вирусы;
2) анонимдік зерттеп-қарау – адамды жеке басын сәйкестендірмей ерікті түрде медициналық зерттеп-қарау;
3) құпия медициналық зерттеп-қарау – дәрігерлік құпияның және зерттеліп-қаралатын адамның жеке басы туралы ақпараттың сақталуына негізделген зерттеп-қарау;
2-тарау. АИТВ инфекциясы мәселесі бойынша медициналық зерттеп-қарау жүргізу тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.05.2019 жылғы № ҚР ДСМ-62 Бұйрығына сәйкес (22.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi