Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 17.04.2020
"Күзет қызметімен айналысу кұқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 236 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 мамырда № 11143 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 17 сәуірден бастап ҚР Ішкі істер министрінің 28.03.2020 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 29.03.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Күзет қызметімен айналысу кұқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды; 
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің зерделеуін ұйымдастырсын және оны бұлжытпай орындауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
____________________Ә. Исекешев
201 жылғы «___» ______________

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________________Е. Досаев
201 жылғы «___» ______________

«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
________________М. Құсайынов
201 жылғы «___» _________
Қазақстан Республикасы
 Ішкі істер министрінің
 2015 жылғы 16 наурыздағы
№ 236 бұйрығымен бекітілген
«Күзет қызметімен айналысу кұқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 04.04.2018 жылғы № 256 Бұйрығына сәйкес (16.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 18.10.2018 жылғы 726 Бұйрығына сәйкес (04.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 04.04.2018 жылғы № 256 Бұйрығына сәйкес (16.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.еgov.kz веб-порталы немесе www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
3-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 18.10.2018 жылғы 726 Бұйрығына сәйкес (04.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi