Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 26.09.2020
Импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 418 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 мамырда № 11006 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 26 қыркүйектен бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.09.2020 жылғы № 457 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 22.06.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықтың мемлекеттік заңнамада бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталдарында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы мәліметтерді жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің вице-министіріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Инвестициялар және даму министрі Ә.Исекешев
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму министрінің
 2015 жылғы 31 наурыздағы № 418
 бұйрығымен бекітілген
Импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру қағидалары
1. Осы Импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді және импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру тәртібін айқындайды.
2. Импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру тәртібі
2. Импорттаушының (түпкі пайдаланушының) кепілдік міндеттемесінің ресімдеуді тауарлар, соның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімдерді импорттаушы өтініш жасаушы жүзеге асырады.
3. Импорттаушының (түпкі пайдаланушының) кепілдік міндеттемесі кепілдік міндеттеме (түпкі пайдаланушының сертификатын) алу үшін негіз болып табылады.
4. Импорттаушының (түпкі пайдаланушының) кепілдік міндеттемесі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
5. Импорттаушының (түпкі пайдаланушының) кепілдік міндеттемесі келісімшартқа енгізілген өнімнің мөлшері мен номенклатурасына қарамастан бір мәмілеге ресімделеді.
6. Импорттаушының (түпкі пайдаланушының) кепілдік міндеттемесіне уәкілетті адам қол қояды және импорттаушының (түпкі пайдаланушының) мөрімен(бар болған жағдайда) куәландырылады.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 жылғы № 27 Бұйрығына сәйкес (31.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
7. Импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін тексеру және белгілеуді өз құзырет шеңберінде экспорттық бақылау жүйесіндегі Қазақстан Республикасының органдарымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес өкілетті орган жүзеге асырады.
Импорттаушылардың
 (түпкі пайдаланушылардың)
 кепілдік міндеттемелерін
 ресімдеу және олардың орындалуын
 тексеру қағидаларына қосымша
Импорттаушының (түпкі пайдаланушының) кепілдік міндеттемесі

СЕРТИФИКАТ №

1. Импорттаушы (заңды және нақты мекенжайы, телефоны) БИН (ЖСН)

2. Импорттаушы ел

3. Экспорттаушы (заңды және нақты мекенжайы, телефоны)

4. Экспорттаушы ел

5. Түпкі пайдаланушы (мекенжайы, телефоны және қызмет саласы)

6. Алынған лицензиялар туралы ақпарат

7. Тауарды орналастыру және (немесе) пайдалану орны

8. Тауарды түпкі пайдалану

9. Тауардың атауы

10. Тауардың СЭҚ ТН бойынша коды

11. Тауардың бақылау тізімдері бойынша коды

12. Сертификатты сұрату үшін негіздеме (келісімшарт немесе шарт, № мен қол қойылған күні)

13. Өлшем бірлігі

14. Саны

15. Импорттаушы (түпкі пайдаланушы) 9-тармақта көрсетілген тауарды Қазақстан Республикасына импорттауға міндеттенеді. Импорттаушы (түпкі пайдаланушы) 9-тармақта көрсетілген тауарды 8-тармақта көрсетілген мақсатта пайдалануға, оны Қазақстан Республикасының аумағындағы шаруашылық қызметтің басқа субъектісіне бермеуге және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының рұқсатынсыз кері экспорттамауға міндеттенеді

17. Импорттаушы

Т.А.Ә.

Лауазымы

Қолы, М.О.

Күні

18. Түпкі пайдаланушы

Т.А.Ә.

Лауазымы

Қолы, М.О.

Күні

Импорттаушының (түпкі пайдаланушының) кепілдік міндеттемесіне қосымша

Р/с

Тауардың атауы

СЭҚ ТН бойынша коды

Бақылау тізімдері бойынша коды

Саны

Өлшем бірлігі

1

2

3

4

5

6

1.




 




 




 




 




 

2.




 




 




 




 




 

3.




 




 




 




 




 

4.




 




 




 




 




 

5.




 




 




 




 




 

Барлығы парақ

Парақ №

Импорттаушы

Т.А.Ә.

Лауазымы

Қолы, М.О.

Күні

Түпкі пайдаланушы

Т.А.Ә.

Лауазымы

Қолы, М.О.

Күні

Полная версия
ИС BestProfi