Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 мамырда № 10954 тіркелді
«Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 166) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 04.06.2021 жылғы № 531 Бұйрығына сәйкес (03.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің м.а. 30.03.2026 жылғы № 206 Бұйрығына сәйкес (15.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.04.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күннің ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларының 12-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 22.10.2021 жылғы № 1092 Бұйрығына сәйкес (04.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі –Заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 166) тармақшасына, қаржылық есептіліктің халықаралық және ұлттық стандарттарына сәйкес әзірленді және дара кәсіпкерлердің, заңды тұлғалардың, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері мен тұрақты мекемелерінің (бұдан әрі – субъектілер) бухгалтерлік есепті «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізу тәртібін белгілейді.
1-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгерссіз қалды ҚР Қаржы министрінің 03.06.2019 жылғы № 531 Бұйрығына сәйкес
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 04.06.2021 жылғы № 531 Бұйрығына сәйкес (03.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің м.а. 30.03.2026 жылғы № 206 Бұйрығына сәйкес (15.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.04.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 25.05.2016 жылғы № 256 Бұйрығымен (31.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 16.03.2018 жылғы № 383 Бұйрығымен (25.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.04.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 03.06.2019 жылғы № 531 Бұйрығымен (16.03.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 04.06.2021 жылғы № 531 Бұйрығына сәйкес (03.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің м.а. 30.03.2026 жылғы № 206 Бұйрығына сәйкес (15.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.04.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Заңға сәйкес Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асыратын қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент Сақтандыру брокерлерінің филиалдары және Қазақстанның Даму Банкі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі еншілес компаниялары;
2) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттеу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен белгіленетін мемлекеттік мекемелерге қолданылмайды;
3) Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесін заңнамаға сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.»;