Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 21.08.2021
Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 100 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 мамырда № 11021 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 21 тамыздан бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 09.08.2021 жылғы № 317 Бұйрығына сәйкес  
Редакция 28.08.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 28) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы 
Инвестиция және даму министрi
А. Исекешев _________________
2015 жылғы 31 наурыз
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрi
Е. Досаев ______________
2015 жылғы 3 наурыз
Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрінің
 2015 жылғы 16 ақпандағы
 № 100 бұйрығына
 1-қосымша
Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 13.07.2018 жылғы № 270 Бұйрығына сәйкес (28.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 17-бабының 28) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган), оның аумақтық бөлімшелері мен мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізетін жергілікті атқарушы органдарының қызметін және өзара іс-әрекетін ұйымдастыру тәртібін айқындайды, сондай-ақ мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын материалдардың құрамына, мазмұнына талаптарды белгілейді.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 28.04.2017 жылғы № 145 Бұйрығына сәйкес (16.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi