Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.05.2017
"Шығу визаларын ұзарту және беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 343 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 мамырда № 11121 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2017 жылдың 27 мамырынан бастап ҚР Ішкі істер министрінің 13.03.2017 жылғы № 180 Бұйрығына сәйкес
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған «Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тiркеудi;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға оның көшірмелерін жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрiнiң орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы департаментіне (С.С. Сайынов) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Қ. Қасымов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
____________________М. Құсайынов
2015 жылғы 18 сәуір
Қазақстан Республикасы
 Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 14 сәуірдегі
 № 343 бұйрығымен
 бекітілген
«Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
         1. «Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
         4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;
Полная версия
ИС BestProfi