Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 25.01.2019
"Жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақыруларды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 344 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 мамырда № 11101 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 25 қаңтардан бастап ҚР Ішкі істер министрінің 29.12.2018 жылғы № 961 Бұйрығына сәйкес
Редакция 02.03.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған «Жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақыруларды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тiркеудi;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға оның көшірмелерін жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрiнiң орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы департаментіне (С.С. Сайынов) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
ҚР Ішкі істер министрі  полиция генерал-лейтенанты Қ. Қасымов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
_____________________ Ә. Исекешев
2015 жылғы «___»________________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрінің 
міндетін атқарушы
____________________М. Құсайынов
2015 жылғы «____»________________
Қазақстан Республикасы
 Ішкі істер министрінің
 2015 жылғы 14 сәуірдегі
 № 344 бұйрығымен
 бекітілген
«Жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақыруларды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт өзгертілді ҚР Қаржы министрінің м.а 23.07.2015 жылғы № 618 Бұйрығымен (14.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 19.01.2016 жылғы № 40 Бұйрығына сәйкес (23.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
1. «Жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақыруларды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)  көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 09.01.2018 жылғы № 11 Бұйрығына сәйкес (19.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) коммерциялық емес акционерлік қоғамында жүзеге асырылады.
Полная версия
ИС BestProfi