Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 17.04.2020
"Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 303 бұйрығы. Қазақстан Республикасының 2015 жылы 21 мамырда № 11106 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жояды 2020 жылғы 17 сәуірден бастап ҚР Ішкі істер министрінің 31.03.2020 жылғы № 275 Бұйрығына сәйкес
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы департаменті:
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығының» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін. 
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаментіне (С.С. Сайынов) жүктелсін. 
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  
ҚР Ішкі істер министірі полиция генерал-лейтенанты Қ. Қасымов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
___________________Ә. Исекешев
2015 жылғы 20 сәуір
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрінің 
міндетін атқарушы
____________________М. Құсайынов
2015 жылғы 17 сәуір
Қазақстан Республикасы
 Ішкі істер министрінің
 2015 жылғы 6 сәуірдегі
 № 303 бұйрығымен бекітілген
«Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің аумақтық көші-қон полициясы бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) арқылы көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші, оның ішінде «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі. 
Портал арқылы мемлекеттік қызмет шетелдікті қабылдайтын жеке тұлға алғашқы тіркеуге жүгінген кезде көрсетіледі.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 1 (бір) жұмыс күні;
құжаттардың топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілген ең ұзақ күту уақыты – 20 (жиырма) минут;
көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ күту уақыты – 20 (жиырма) минут.
2) портал арқылы өтініш білдірген кезде – 15 (он бес) минут. 
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi көшi-қон карточкасына мөр және көрсетілетін қызмет беруші лауазымды адамның қолын қою болып табылады.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның тіркелгені туралы паспортқа жапсырма қағаз жолданады, ол қағаз тасымалдағышқа басып шығарылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру нысаны: электронды және (немесе) қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда (сағат 13-00-ден 14-30-ға дейiн түскi асқа үзiлiспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейiн). 
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижесін беру сағат 13-00-ден 14-30-ға дейiн түскi асқа үзiлiспен сағат 9-00-ден 17-30-ға дейiн көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады. 
2) Порталдың жұмыс кестесі - тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтініштерді қабылдау және көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (шетелдiктi, азаматтығы жоқ адамды қабылдайтын көрсетілетін қызметті алушылар, сондай-ақ шетелдіктер) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін ұсынатын қажетті құжаттар тізбесі:
1) Қазақстан Республикасына кіруге және болуға визасы бар шетелдiктiң не азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын жарамды құжат, визасыз болу туралы келісімдер ратификацияланған елдердің азаматтары үшiн виза талап етiлмейдi;
2) Мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пункттерiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң лауазымды адамдары беретiн шекараны кесіп өткенi туралы белгiсi бар көшi-қон карточкасы;
3) еркін нысандағы тiркеу туралы қолдаухат.
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшада көрсетілген санаттардың бiрiне жататын көрсетілетін қызметті алушылар жеке өтініші бойынша тіркеледі.
Қазақстан Республикасында уақытша болуы 6 (алты) айдан астам мерзiмдi құрайтын көрсетілетін қызметті алушыларды (шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды) тiркеу үшiн қосымша:
толтырылған екi мекенжай келу парағы;
келу парағына толтырылған статистикалық есепке алу талоны;
35х45 мм мөлшердегi бiр фотосурет ұсынылады.
Портал арқылы өтініш білдірген кезде көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар жөніндегі мәліметтерді көрсете отырып, ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу жолдайды. 
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзы арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.  
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе Министрліктің атына беріледі.
Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда немесе электрондық түрде Министрлік басшысының блогына не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі. 
Шағымда көрсетілетін қызметті алушы тегiн, атын, әкесiнiң атын, пошталық мекенжайын, шығыс нөмiрi мен күнiн көрсетедi. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Қабылданған шағым қызметті берушінің жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін есепке алу журналдарында тiркеледi. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат күнi мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегi және аты-жөнi, сондай-ақ берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны және шағымды қарау барысы туралы бiлуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерi көрсетiлген талон болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта бойынша жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі. 
Мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен өтініш білдіре алады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады. 
11. Мемлекеттiк көрсетiлген қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызмет берушіге өтініш білдірген кезде оларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет ерекшеліктері:
1) физикалық мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген, ғимараттарға кіреберістер пандустармен жабдықталған, күтуге арналған креслолар бар;
2) денсаулық жағдайы бойынша көрсетілетін қызметті берушіге жеке келуіне мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті құжаттарды қабылдауды көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жеріне шыға отырып жүзеге асырады.
13. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mvd.kz интернет-ресурсында «Iшкi iстер органдарының қызметi туралы» бөлiмде орналастырылады.
14. Көрсетілетін қызметті алушыда ЭЦҚ болған жағдайда, ол мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда ала алады.
15. Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан ену режимінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі мен барысы туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.  
«Қазақстан Республикасында уақытша 
 болатын шетелдіктер мен азаматтығы 
 жоқ адамдарды тіркеу» мемлекеттік 
 көрсетілетін қызмет стандартына
 қосымша
Тiркеу жеке өтiнiшi бойынша жүзеге асырылатын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың санаттары
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 175 және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі міндетін атқарушысының 2013 жылғы 5 наурыздағы № 08-1-1-1/71 бірлескен бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының визаларын беру, сондай-ақ олардың жарамдылық мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларына 7-қосымшаға сәйкес Азаматтары «A1», «А2», «В1», «В2», «D1», және «G1» санаттағы бір мәртелік визаларды, сондай-ақ «F1» санатындағы бір мәртелік және екі мәртелік санаттағы визаларды ресімдеген кезде визалық қолдауды немесе шақыруды ұсыну қажеттілігінен босатылған мемлекеттердің тізімінде көрсетілген елдердің азаматтары;
2. «Туристiк» санаттағы визалардың иелерi;
3. Қазақстан Республикасына жұбайларымен, балаларымен немесе ата-аналарымен - шетел азаматтарымен бiрге келген шетелдiктер;
4. Қазақстан Республикасымен байланысын растайтын құжаттардың иелерi (ұлттық паспорттағы баған немесе Қазақстан Республикасында туғаны туралы куәлiк, Қазақстан Республикасында жақын туысының жерленгенi туралы құжаттың көшiрмесi, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы анықтаманың көшiрмесi);
5. Қазақ диаспорасының өкiлдерi-шетелдiктер.
Полная версия
ИС BestProfi